Красный Яр # 1 орта мектебінде, ағылшын тілі апталығы аясында 9 Ә сыныбымен "Tradition and language" тақырыбында ашық сабақ өткізілді. Сабақта оқушылар әр елдің салт-дәстүрін, ұлттық тамақ, ұлттық киімдері туралы жоба қорғады. Және Полиглот ойыны ойнатылып, тағы басқа қызықты тапсырмалар орындалды. Оқушылар сабаққа белсенді қатысты.