"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША  БІЛІМ БӨЛІМІ КРАСНЫЙ ЯР АУЫЛЫНЫҢ  № 1 ЖАЛПЫ  ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН  МЕКТЕБІ" КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
КОММУНАЛЬНОЕ ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ "ОБЩЕОБРАЗОВАТЕЛЬНАЯ ШКОЛА  № 1 СЕЛА КРАСНЫЙ ЯР  ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ПО ГОРОДУ  КОКШЕТАУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ"

kssh__1

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы

 

Білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы N 125 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2008 жылғы 21 сәуірде Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5191 болып енгізілді.

       Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 30.01.2017 № 36 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
       Қолданушылардың назарына!!!
       Бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 5-тармақтан қараңыз.

       "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 5-бабының 19) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

       1. Қоса беріліп отырған:

       1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарындағы білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылаудың, оларды аралық және қорытынды аттестаттау жүргізудің үлгілік қағидалары;

       2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Техникалық және кәсіптік, орта оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау жүргізудің үлгілік қағидалары;

       3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Жоғары оқу орындарында білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау жүргізудің үлгілік қағидалары бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 30.01.2017 № 36 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
 

       2. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті (С.М. Өмірбаев):

      1) осы бұйрықты белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін;

      2) мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін осы бұйрықты бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын.

       3. "Білім беру ұйымдарындағы білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылаудан, аралық және қорытынды мемлекеттік аттестаттаудан өткізу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2006 жылғы 7 қыркүйектегі N 481 бұйрығының (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4394 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-министр К.Н. Шәмшидиноваға жүктелсін.

       5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Министр

Ж. Түймебаев


 

 

Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2008 жылғы 18 наурыздағы
№ 125 бұйрығымен бекітілген

  Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарындағы білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылаудың, оларды аралық және қорытынды аттестаттау жүргізудің үлгі қағидалары

       Ескерту. Үлгі қағида жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 06.06.2017 № 265 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз) бұйрығымен.

 1-тарау. Жалпы ережелер

       1. Осы Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарындағы білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылаудың, оларды аралық және қорытынды аттестаттау жүргізудің үлгі қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 19) тармақшасына сәйкес әзірленді және меншік нысаны мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылаудың, оларды аралық және қорытынды аттестаттаудың тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай анықтамалар қолданылады:

      1) бағалау – білім алушылардың оқуда нақты қол жеткізген нәтижелерін оқытудан күтілетін нәтижелермен әзірленген өлшемшарттар негізінде салыстыру процесі;

      2) бағалау өлшемшарттары – білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау жүргізуге негіз болатын белгі;

      3) білім алушылардың үлгерімін ағымдық бақылау - бұл жалпы білім беретін оқу бағдарламасына сәйкес ағымдағы сабақ барысында мұғалім жүргізетін білім алушылардың білімдерін жүйелі тексеру;

      4) білім алушыларды аралық аттестаттау - білім алушылардың бір оқу пәнін оқып аяқтағаннан кейін оның бөлігінің немесе барлық көлемінің мазмұнын меңгеру сапасын бағалау мақсатында жүргізілетін рәсім;

       5) білім алушыларды қорытынды аттестаттау - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысымен бекітілген Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында (бұдан әрі - МЖМБС) қарастырылған оқу пәндерінің көлемін меңгеру дәрежесін анықтау мақсатында жүргізілетін рәсім:

      6) жиынтық бағалау – белгілі бір оқу кезеңін (тоқсан, оқу жылы), сондай-ақ оқу бағдарламасына сәйкес бөлімдерді (ортақ тақырыптарды) оқып аяқтағаннан кейін өткізілетін бағалау түрі;

      7) модерация – бағалаудың объективтілігін және айқындығын қамтамасыз ету үшін балдарды қоюды стандарттау мақсатында тоқсандық жиынтық бағалау бойынша білім алушылардың жұмысын талқылау процесі;

      8) оқытудан күтілетін нәтижелер – оқыту процесі аяқталғанда білім алушының нені біліп, түсініп, көрсете алатынын сипаттайтын құзыреттіліктер жиынтығы;

      9) формативті бағалау – сыныпта күнделікті жұмыс барысында жүргізілетін бағалау түрі, білім алушылар үлгерімінің ағымдағы көрсеткіші болып табылады, оқыту барысында білім алушылар мен мұғалім арасындағы жедел өзара байланысты, оқушы мен мұғалім арасындағы кері байланысты қамтамасыз етеді және білім беру процесін жетілдіруге мүмкіндік береді.

 2-тарау. Білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылау, аралық аттестаттау жүргізудің тәртібі

      3. Білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылауды барлық оқу пәндері бойынша мұғалімдер 2-11 (12)-сыныптарда оқу жылының бірінші тоқсанынан (жарты жылдығынан) бастап жүргізеді.

      1-сыныптың бірінші жартыжылдығында оқу материалын меңгеру деңгейіне баға қойылмайды.

      4. 1-11 (12)-сыныптардың білім алушыларының пәндер бойынша жылдық бағасы тоқсандық (жартыжылдық) бағалардың негізінде қойылады.

      5-11 (12) сыныптардың білім алушыларының пәндер бойынша қорытынды бағасы тоқсандық, жылдық және емтихан бағаларының негізінде қойылады.

       Тоқсандық, жартыжылдық, жылдық және қорытынды бағаларды қайта қарауға рұқсат берілмейді.

      5. Бір немесе екі пәннен қанағаттанарлықсыз бағалары бар 2-4-сыныптардың білім алушылары үшін ауызша, жазбаша немесе тест тапсырмалары нысанындағы бақылау жұмыстары қайта ұйымдастырылады. Бақылау жұмыстарының қорытындысы бойынша "3", "4", "5" деген бағаларын алған білім алушылар келесі сыныпқа көшіріледі.

       6. Бір немесе екі пәннен қанағаттанарлықсыз бағалары бар 5-8 (9), 10 (11) сыныптардың білім алушылары аралық аттестаттауға жіберіледі.

      Үш немесе одан да көп пәндерден қанағаттанарлықсыз бағалары бар 2-8 (9), 10 (11) сыныптардың білім алушылары аралық аттестаттауға жіберілмейді, қайта оқу жылына қалдырылады.

      1-сынып білім алушылары психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның ұсынымдары және ата-аналардың немесе баланың заңды өкілдерінің келісімі бойынша қалдырылған білім алушыларды қоспағанда, қайта оқу жылына қалдырылмайды.

      7. 5-8 (9), 10 (11) сыныптардағы білім алушыларды аралық аттестаттау оқу жылы аяқталғаннан кейін 31 мамырға дейін жүргізіледі. Аралық аттестаттау оқу пәндерінің тізбесі (екіден артық емес), нысандары мен өткізу мерзімдері білім беру ұйымының мектептің педагогикалық кеңесінің (бұдан әрі – педагогикалық кеңес) шешімімен белгіленеді.

      8. Бір немесе екі пәннен қанағаттанарлықсыз қорытынды бағалары бар 5-8 (9), 10 (11) сыныптардың білім алушылары осы пәндер бойынша қайта аралық аттестаттаудан өтеді. Жазғы каникул кезеңінде осы білім алушыларға тиісті пәндер бойынша оқу тапсырмалары беріледі.

      9. Қайта аттестаттау оқу жылы аяқталғаннан кейін 3 аптадан соң жүргізіледі. Қайта аттестаттау кезінде қанағаттанарлықсыз қорытынды баға алған жағдайда, білім алушылар қайта оқу жылына қалдырылады.

      10. 2-8 (9), 10 (11) сыныптардан келесі сыныпқа барлық оқу пәндері бойынша жылдық және қорытынды бағалары "3", "4", "5" болған білім алушылар көшіріледі.

      11. Барлық оқу пәндері бойынша жылдық бағалары "5" болған 5-8 (9), 10 (11) сыныптардың білім алушылары келесі сыныпқа емтихансыз көшіріледі.

 3-тарау. Жаңартылған орта білім мазмұны бойынша білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылау жүргізудің тәртібі

      12. Білім алушылардың оқу жетістігін бағалау формативтік және жиынтық бағалау нысандарында жүзеге асырылады.

      13. Формативті бағалау оқытудың нақты мақсаттарына білім алушылардың жетуін мониторингтеу және әр білім алушымен сараланған және жеке жұмыстарды одан әрі қалыптастыру үшін жүргізіледі.

      14. Білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылауды тоқсан, бөлім (ортақ тақырып) аяқталғаннан кейін оқу материалдарының мазмұнын меңгеру деңгейін анықтау және қадағалау үшін жиынтық бағалау нысанында педагогтер жүргізеді. Жиынтық бағалау үшінші тоқсаннан бастап 1-сыныптарда, бірінші тоқсаннан бастап 2-11 (12) сыныптарда жүргізіледі.

       15. "Өзін-өзі тану", "Көркем еңбек", "Музыка", "Дене шынықтыру" пәндері бойынша жиынтық бағалау жүргізілмейді. Тоқсанның ("Дене шынықтыру") жартыжылдықтың ("Өзін-өзі тану", "Көркем еңбек", "Музыка") және оқу жылының соңында аталған пәндерден "есептелінді"/ "есептелінген жоқ" деген белгі жазылады.

       16. Жиынтық бағалау тапсырмалары білім алушылармен орындалады және "Жалпы білім беру ұйымдарына арналған жалпы білім беретін пәндердің, таңдау курстарының және факультативтердің үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8424 болып тіркелген) оқу бағдарламасына сәйкес олар өткен материалдарды қамтиды.

      17. Формативті және жиынтық бағалау тапсырмаларын педагог өзі дайындайды.

       18. Тілдік пәндерден жиынтық бағалау сөйлеу әрекетінің төрт түрі бойынша жүргізіледі (тыңдалым (тыңдау), айтылым, оқылым, жазылым). Тыңдалым (тыңдау) және айтылым дағдыларын бағалау жиынтық бағалауды өткізу жоспарланған аптаның ішінде сабақтың барысында жүргізіледі.

      19. Білім алушылардың тоқсандағы оқу жетістіктерінің нәтижелері бойынша жазбаша түрде өткізілетін жиынтық бағалауда объективтілік және ашықтықты қамтамасыз ету үшін модерация жүргізіледі.

       Модерация қорытындысы бойынша білім алушылардың өзгертуге жататын жиынтық жұмыстарының тоқсандық балы қайта тексеріледі. Модерация қорытындысы бойынша қойылатын жиынтық жұмыс балы жоғарылатылып, сол сияқты төмендетіліп те қойылады.

      20. Білім алушы белгілі себептермен екі аптаға дейін болмаған жағдайда (ауырып қалуына байланысты, жақын туыстарының қайтыс болуы, конференцияға, олимпиадалар мен ғылыми жобаларға (ғылыми жарыстарға) қатысу)), білім алушы орта білім беру ұйымына (бұдан әрі – мектеп) қайтып оралғаннан кейінгі екі аптаның ішінде мектеп жасаған жеке кестеге сәйкес жиынтық бағалауды тапсырады.

       21. Бөлім (ортақ тақырып) және тоқсан бойынша жиынтық бағалау қорытындысы болмаған жағдайда білім алушы уақытша аттестаттаудан өтпеген болып есептеледі.

      22. Ағымдағы жылғы білім алушылардың жиынтық жұмыстары мектепте күнтізбелік бір оқу жылы сақталады.

       23. Балл түріндегі білім алушылардың жиынтық бағалау нәтижелері осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес балдарды бағаға ауыстыру шәкілі бойынша тоқсандық және жылдық бағаларға ауыстырылады.

       24. Формативті және жиынтық бағалау қорытындысы бойынша ақпарат білім алушыларға және ата-аналарға немесе баланың заңды өкілдеріне қағаз түрінде немесе электронды нұсқада беріледі.

      Формативті бағалау нәтижелері тоқсандық және оқу жылының бағасын қою кезінде есепке алынбайды.

      25. Тоқсандық баға бөлім (ортақ тақырып) және тоқсан бойынша жиынтық бағалау қорытындысының негізінде 50%-да 50% пайыздық арақатынаста қойылады.

      26. 1-сыныпта жылдық баға жиынтық бағалау нәтижесінің негізінде 3 және 4-тоқсандардың қорытындысы бойынша қойылады.

       Психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңес беру қорытындысымен сол сыныпта қайтадан оқытуға ұсыныс берілген және/немесе баланың ата-анасының немесе заңды өкілдерінің келісімімен орнында қалдырылатын білім алушыларды қоспағанда 1-сынып білім алушысы оқу жылын қайта оқуға орнында қалдырылмайды.

      27. 2-11 (12) сынып білім алушыларының пәндер бойынша жылдық бағалары бөлім (ортақ тақырыптар) және тоқсандық жиынтық бағалары нәтижелерінің жиынтығы негізінде 50%-да 50% пайыздық арақатынаста қойылады.

       5-11 (12) сынып білім алушыларының пәндер бойынша қорытынды бағалары жылдық және емтихан бағаларының негізінде қойылады.

      28. Бір немесе екі пәннен "2" бағасын алған 2-8 (9) және 10 (11) сынып білім алушылары үшін мектеп жасаған кестеге сәйкес жүргізілетін оқу жылындағы материал мазмұнын қамтитын жиынтық бағалау оқу жылына ұйымдастырылады.

       Үш немесе одан да көп пәннен "2" бағасын алған 2-8 (9) және 10 (11) сынып білім алушылары қайта оқуға орнында қалдырылады.

      "3", "4", "5" бағаларын алған 2-8 (9) және 10 (11) сынып білім алушылары келесі сыныпқа көшіріледі.

       29. Бір немесе екі оқу пәнінен қайта "2" бағасын алған 2-8 (9) және 10 (11) сыныптардың білім алушылары, осы пәндерден қосымша жиынтық бағалаудан өткізіледі.

       Қосымша жиынтық бағалау жаңа оқу жылының басына дейін өткізіледі.

      Қосымша жиынтық бағалаудан "2" деген баға алған жағдайда, білім алушы сол сыныпта оқуға орнында қалдырылады.

      30. Тоқсандық, жылдық және қорытынды бағаларды қайта қарауға рұқсат берілмейді.

      31. Білім алушы бір мектептен екінші мектепке ауысқан жағдайда оның жиынтық бағалау нәтижелерінің (бөлім (ортақ тақырып) және тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың ең жоғарғы балдары) электронды (қағаз) журналдан үзіндісі ресімделеді, мектеп директорының қолымен, мөрімен расталады және білім алушының жеке іс қағазымен бірге беріледі.

      32. Білім алушылардың денсаулығына байланысты "Көркем еңбек", "Алғашқы әскери және технологиялық дайындық" және "Дене шынықтыру" пәндерінен босатылуы келесі сыныпқа көшулеріне әсер етпейді.

 4-тарау. Білім алушыларды қорытынды аттестаттаудан өткізу тәртібі

      33. Негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын меңгеру білім алушылардың міндетті қорытынды аттестаттауымен аяқталады және мынадай нысандарда өткізіледі:

      1) 9 (10) сыныптардың білім алушылары үшін қорытынды бітіру емтихандары;

      2) 11 (12) сыныптардың білім алушылары үшін мемлекеттік бітіру емтихандары.

      34. 1-8 (9), 10 (11) сыныптардың білім алушыларына қорытынды аттестаттау қарастырылмайды.

      35. Қорытынды аттестаттауға МЖМБС талаптарына сәйкес үлгілік жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын меңгерген 9 (10), 11 (12) сыныптардың білім алушылары жіберіледі.

      36. Негізгі орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын меңгерген 9 (10) сынып білім алушылары төрт пәннен емтихан тапсырады, оның біреуі таңдау бойынша.

       37. 9 (10) сынып білім алушылары үшін қорытынды аттестаттау мынадай нысандарда өткізіледі:

      1) ана тілі мен әдебиетінен жазбаша емтихан (оқыту тілі бойынша) (гуманитарлық циклдегі пәндерді тереңдетіп оқытатын мектептердің білім алушылары үшін – шығарма, қалған білім алушылар үшін - диктант);

      2) математикадан жазбаша емтихан;

      3) орыс, өзбек, ұйғыр және тәжік тілдерінде оқытатын мектептерде қазақ тілінен ауызша емтихан және қазақ тілінде оқытатын мектептерде орыс тілінен ауызша емтихан;

      4) таңдау бойынша пәннен (физика, химия, биология, география, геометрия, Қазақстан тарихы, дүниежүзі тарихы, әдебиет, шетел тілі (ағылшын, француз, неміс), информатика) ауызша емтихан;

      38. Жалпы орта білім берудің жалпы білім беру оқу бағдарламаларын меңгерген 11 (12) сынып білім алушылары бес емтихан түрінде қорытынды аттестаттау тапсырады, олардың біреуі таңдау бойынша.

       39. 11 (12) сынып білім алушыларын қорытынды аттестаттау мынадай нысандарда өткізіледі:

       1) ана тілі және әдебиетінен (оқыту тілі) эссе нысанында жазбаша емтихан:

      2) алгебра және анализ бастамалары пәнінен жазбаша емтихан;

      3) Қазақстан тарихынан ауызша емтихан;

       4) орыс, өзбек, ұйғыр және тәжік тілдерінде оқытатын мектептерде қазақ тілінен және қазақ тілінде оқытатын мектептерде орыс тілінен тестілеу;

      5) таңдау бойынша пәннен (физика, химия, биология, география, геометрия, дүниежүзі тарихы, әдебиет, шетел тілі (ағылшын, француз, неміс), информатика) тестілеу.

      40. 9 (10) сынып білім алушыларына емтихан жұмыстарының материалдарын облыстардың, Астана және Алматы қалаларының білім басқармалары (бұдан әрі – білім басқармалары), 11 (12) сынып білім алушылары және республикалық мектептердің 9 (10) сынып білім алушылары үшін емтихан жұмыстарының материалдарын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) дайындайды.

      41. Бір және екі пәннен жылдық қанағаттанарлықсыз баға алған 9 (10) сыныптардың білім алушылары қорытынды аттестаттау өткенге дейін жазбаша немесе тест тапсырмалары нысанында қосымша бақылау жұмыстарын орындайды.

       42. Білім алушыларды денсаулық жағдайлары бойынша "Технология" (Көркем еңбек), "Алғашқы әскери дайындық" ("Алғашқы әскери және технологиялық дайындық") және (немесе) "Дене тәрбиесі" оқу пәндерінен босату оларды келесі сыныптарға көшіруге және қорытынды аттестаттауға жіберуге әсер етпейді.

       43. Негізгі орта білім туралы аттестатқа қосымшаға енгізілетін оқыған пәндерден "5" деген бағасы бар 9 (10) сынып бітірушілеріне "Мемлекеттік үлгідегі білім беру туралы құжаттардың түрлері мен нысандарын және оларды беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 28 қаңтардағы № 39 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10348 болып тіркелген) (бұдан әрі - № 39 бұйрық) бекітілген нысанға сәйкес негізгі орта білім туралы үздік аттестат беріледі.

       44. 10 (11) және 11 (12)-сыныптардағы оқу кезеңінде барлық оқыған пәндерден жылдық, қорытынды және қорытынды аттестаттаудағы бағалары "5" болған 11 (12)-сынып бітірушілеріне № 39 бұйрықпен бекітілген нысанға сәйкес жалпы орта білім туралы үздік аттестат беріледі.

       45. Жақсы мінез-құлық танытқан және 5-11 (12) сыныптар аралығында барлық пәндерден жылдық және қорытынды бағалары "5" болған және жалпы орта білімі бойынша қорытынды аттестаттаудан "5" деген бағаға өткен 11 (12) сынып бітірушілеріне № 39 бұйрықпен бекітілген нысанға сәйкес жалпы орта білім туралы "Алтын белгі" аттестаты және "Алтын белгі" белгісі беріледі.

       46. Эксперименттік алаң болып табылатын "Назарбаев Зияткерлік мектептері" дербес білім беру ұйымының білім беру бағдарламалары бойынша оқуларын аяқтаған бітірушілерге (бұдан әрі – "НЗМ" ДББҰ бітірушілері), жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарының (ғылыми жарыстардың) 2014, 2015 және 2016 жылдардағы жеңімпаздарына (бірінші, екінші және үшінші дәрежелі дипломдармен марапатталған) (бұдан әрі - жеңімпаздар) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес "НЗМ" ДББҰ бітірушілерінің оқудағы нәтижелерін сырттай бағалау балдарын және жеңімпаздардың қорытынды бағаларын ұлттық біріңғай тестілеу (бұдан әрі – ҰБТ) балдарына ауыстыру шәкіліне сәйкес "НЗМ" ДББҰ бітірушілерінің оқу нәтижелерін сырттай бағалау балдарын және жеңімпаздардың қорытынды бағаларын ҰБТ балдарына ауыстыру негізінде ҰБТ сертификаттары беріледі.

      47. Қорытынды аттестаттаудың нәтижесі бойынша:

      1) бір немесе екі пәннен қанағаттанарлықсыз баға алған 9 (10) және 11 (12) сыныптардың білім алушылары мектепте тиісті оқу пәндері бойынша емтихан нысанында қайта қорытынды аттестаттаудан өтуге жіберіледі;

      2) үш және одан көп пәндерден қанағаттанарлықсыз бағалар алған 9 (10) сыныптың білім алушылары қайта оқу жылына қалдырылады;

       3) үш және одан көп пәндерден қанағаттанарлықсыз бағалар алған 11 (12) сыныптың білім алушыларына "Білім алуды аяқтамаған адамдарға берілетін анықтама нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 12 маусымдағы № 289 бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5717 болып тіркелген) (бұдан әрі - № 289 бұйрық) бекітілген нысанға сәйкес білім алуды аяқтамаған адамдарға берілетін анықтама беріледі.

       Келесі оқу жылы аяқталғаннан кейін № 289 бұйрықпен бекітілген нысанға сәйкес білім алуды аяқтамаған адамдарға берілетін анықтама алған білім алушылар мектепте тиісті оқу пәндері бойынша емтихан нысанында қайта қорытынды аттестаттаудан өтеді.

      48. Қайта қорытынды аттестаттау өткізу мерзімін білім басқармалары, сондай-ақ білім басқармаларының келісімі бойынша аудандық және қалалық білім бөлімдері, республикалық мектептердің білім алушылары үшін Министрлік белгілейді.

      49. Қайта қорытынды аттестаттаудың емтихан материалдарын тестілеу немесе жазбаша (эссе), ауызша нысанда мектептер өздігінен әзірлейді.

      Қайта қорытынды аттестаттаудан өткен 9 (10) сынып білім алушыларына № 39 бұйрықпен бекітілген негізгі орта білім туралы аттестат беріледі.

      Қайта қорытынды аттестаттаудан өткен 11 (12) сынып білім алушыларына № 39 бұйрықпен бекітілген жалпы орта білім туралы аттестат беріледі.

      50. 9 (10) және 11 (12) сыныптардың білім алушылары қорытынды аттестаттаудан білім басқармалары басшыларының бұйрықтарымен, республикалық мектептердің білім алушылары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің (бұдан әрі – Министр) бұйрығымен мынадай жағдайларда босатылады:

      1) денсаулық жағдайына байланысты;

      2) І - II топтағы мүгедектер, бала кезінен мүгедектер, мүгедек балалар;

      3) жазғы оқу-жаттығу жиындарына қатысушылар, халықаралық олимпиадаларға (жарыстарға) қатысу үшін Қазақстан Республикасының құрама командасына үміткерлер;

      4) жақын туыстарының қайтыс болуы (ата-аналар, балалар, асырап алушылар, асырап алынғандар, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек ағалы-інілер мен апалы-сіңлілер, ата, әже);

      5) әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар.

       51. Білім алушыларды қорытынды аттестаттаудан босату туралы бұйрықтар мынадай құжаттар негізінде шығарылады:

       1) осы Қағидалардың 30-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген білім алушылар санаты үшін "Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) бекітілген, № 035-1/е нысанына сәйкес дәрігерлік-консультациялық комиссияның қорытындысы;

      2) осы Қағидалардың 30-тармағында көрсетілген білім алушылар санаты үшін мектептің педагогикалық кеңесінің шешімінен көшірме және мектептің қолдау хаты;

       3) осы Қағидалардың 30-тармағында көрсетілген білім алушылар санаты үшін "Білім беру ұйымдары білім беру қызметінде пайдаланатын қатаң есептіліктегі құжаттардың нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2007 жылғы 23 қазандағы N 502 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне N 4991 болып тіркелген) бекітілген нысанға сәйкес білім алушының сабақ үлгерімі туралы табелінің (бұдан әрі - табел) телнұсқасы және көшірмесі. Табельдің түпнұсқасы оның көшірмесімен сәйкестігі тексерілгеннен кейін мектеп әкімшілігіне қайтарылады.

      Осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген құжаттар мектеп директорының қолымен және мөрімен расталады.

      52. Қорытынды аттестаттау кезеңінде ауырып қалған 9 (10) және 11 (12) сыныптардың білім алушылары сауыққаннан кейін өткізіп алған емтихандарды тапсырады.

      53. 9 (10), 11 (12) сыныптардың бітірушілерін мерзімінен бұрын қорытынды аттестаттауға білім алушылар шетелге оқуға түсу үшін кеткенде немесе тұрғылықты орнын шетелге ауыстырған жағдайда, растайтын құжаттарын ұсынған кезде жіберіледі және ол оқу жылының аяқталуына дейін 2 ай бұрын қорытынды бітіру емтихандары немесе мемлекеттік бітіру емтихандары нысанында өткізіледі.

      54. Білім алушылардың халықаралық алмасу желісі бойынша шетелге оқуға баратын және сол жақта білім беру мекемелерін аяқтайтын 11 (12) сыныпты бітірушілер Қазақстан Республикасының мектептерінде 11 (12) сынып үшін қорытынды аттестаттаудан өтеді.

       Қорытынды аттестаттау басталғанға дейін мектептегі комиссияның шешімімен бұл бітірушілер "Қазақстан Республикасындағы бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8170 болып тіркелген) бекітілген үлгілік оқу жоспарларының инвариантты компонентінің пәндері бойынша шетелде оқымаған пәндерінен аттестаттаудан өтеді.

       Қорытынды аттестаттаудан өткеннен кейін оларға шетелде оқыған пәндерден алған бағаларын, Қазақстан Республикасының мектептерінде алдыңғы сыныптарда алған жылдық және қорытынды бағаларын есепке ала отырып, № 39 бұйрықпен бекітілген жалпы орта білім туралы аттестат беріледі.

      55. Шетелге оқуға түсу үшін кететін немесе тұрғылықты орнын шетелге ауыстырған және білім алушылардың халықаралық алмасу желісі бойынша шетелге оқуға баратын 11 (12) сыныптардың бітірушілері үшін емтихан материалдарын дайындауды мектеп жүзеге асырады.

      56. Білім алушылар халықаралық алмасу бағдарламасының толық оқу курсын оқыған кезеңде білім алушылардың халықаралық алмасу желісімен кеткенге дейін оқыған Қазақстан Республикасының мектептері контингентінің есебінде болады.

      57. Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға арналған арнайы түзеу мекемелерінде және жалпы білім беретін мектептердегі арнайы сыныптардың білім алушылары үшін қорытынды аттестаттау өткізу қажеттілігі туралы мәселені білім алушылардың медициналық диагнозына сәйкес аудандық, қалалық білім бөлімдері немесе білім басқармасы шешеді.

      Арнайы түзеу мекемелеріне қорытынды аттестаттау емтихандарының материалдарын білім басқармалары әзірлейді.

      58. Негізгі орта білім беру деңгейінің 9 (10) сыныбында диктантқа 2 астрономиялық сағат, шығармаға 4 астрономиялық сағат, математикаға (жазбаша) 3 астрономиялық сағат (физика-математика бағытындағы пәндерді тереңдетіп оқытатын сыныптарда - 4 сағат) бөлінеді.

      59. 11 (12) сыныпта эссе жазуға 3 астрономиялық сағат, алгебра және анализ бастамаларына 5 астрономиялық сағат бөлінеді.

      Қорытынды аттестаттаудан өтетін ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар үшін мектептің ұсынымдарына сәйкес Білім алушыларды қорытынды аттестаттау жөніндегі емтихан комиссиясының (бұдан әрі - Комиссия) шешімімен емтихан тапсыру кезінде қосымша уақыт беріледі.

      60. Жазбаша емтихандар 11 (12) сынып білім алушылары бір-бірден, ал 9 (10) сынып білім алушылары бір-бірден немесе екіден отырғызылатын үлкен сынып бөлмелерінде өтеді.

      Жазбаша жұмыстарды орындау және ауызша жауапқа дайындалу үшін білім алушыларға мектептің мөртабаны басылған қағаз беріледі. Жұмыстарын орындаған білім алушылар оны жоба жазумен (черновикпен) бірге Комиссияға тапсырады.

      Жұмыстарын емтиханға арналып бөлінген уақыт ішінде аяқтай алмаған білім алушылар сол аяқталмаған қалпында тапсырады.

      61. Жазбаша емтихан өтіп жатқан кезеңде (диктанттан басқа) білім алушының 5 минутқа сынып бөлмесінен шығуына рұқсат беріледі. Ондай жағдайда ол жұмысын Комиссияға тапсырады, емтихан жұмысына білім алушының шығып келген уақыты жазылады.

      Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар үшін үзіліске арналған ұзақтау уақыт ұсынылады.

      62. Жазбаша емтихан және тестілеу аяқталғаннан кейін білім алушылардың жұмыстарын Комиссия мүшелері мектеп ғимаратында тексереді.

      Тексерілмеген жұмыстар мектеп басшысына сақтау үшін тапсырылады. Тексеру кезінде қателердің асты сызылады. Жалпы орта білім курсы бойынша эсседе қателердің саны жеке көрсетіледі.

      Математика (алгебра) пәні бойынша "2" және "5" деген бағалар қойылған жазбаша жұмыстарға мектеп Комиссиясы пікір жазады.

      9 (10) сыныптағы шығарма және 11 (12) сыныптағы эссе екі бағамен, негізгі және жалпы орта білім беру курсындағы математикадан (алгебрадан) жазбаша емтихан жұмысы бір бағамен бағаланады.

      63. Мектептердің барлық сыныптарындағы жазбаша емтихан жұмыстары жергілікті уақытпен таңертеңгі 9 сағат 00 минутта басталады. Ерекше жағдайларда осы Қағидалардың тармақтарын сақтау үшін (мектепте білім алушылардың саны көп болғанда) емтихандарды 2-3 лекпен өткізуге жол беріледі.

      Эссе тақырыптары салынған пакеттер білім алушылардың және мектептің Комиссия мүшелерінің қатысуымен емтиханның басталуына 15 минут қалғанда ашылады.

      Математикадан материалдар салынған пакеттер 9 және 11 сыныптарда ұсынылған тапсырмалар шартының дұрыстығын тексеру үшін мектептің Комиссия мүшелерінің ғана қатысуымен емтихан басталудан 1 сағат бұрын ашылады.

      64. Ауызша емтиханда жауап дайындау үшін білім алушыға кемінде 20 минут уақыт беріледі. Егер білім алушы билет бойынша сұрақтарға жауап бермесе, Комиссия оған екінші билет алуға рұқсат етеді (бұл жағдайда баға 1 балға төмендейді).

      65. Тестілеу МЖМБС-ға сәйкес "Ұлттық тестілеу орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (бұдан әрі - ҰТО) әзірлеген тест тапсырмаларының көмегімен осы Қағидалардың 39-тармағының 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген оқу пәндері шегінде өткізіледі.

      66. 11 (12) сыныпта тестілеуге әр пән бойынша 80 минут бөлінеді.

      67. Тест нәтижелерін тексеруді мектеп жанынан қалыптастырылған Комиссия сол күні өздеріне ұсынылған дұрыс жауаптар кодына сәйкес мектепте жүзеге асырады.

      68. Тест тапсырмаларының саны және нысаны, тестілеуге арналған жауап парағының нысаны әр пән, бейін және оқыту тілі бөлінісінде жасалған тест ерекшеліктерімен анықталады. Тест ерекшеліктерін ҰТО әзірлейді.

       69. 9 (10), 11 (12) сыныптарда әрбір пән бойынша ауызша немесе жазбаша емтихандар, тестілеулер және 5-8, 10 (11) сыныптарда сыныптан-сыныпқа көшіру естихандары өткеннен кейін Комиссия сол күні білім алушыларға емтихан бағасы мен қорытынды бағаларын қояды және оларды осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Негізгі орта және жалпы орта білім деңгейлеріндегі оқу курсының емтихан (тестілеу) және қорытынды бағалардың қағаз және электронды хаттамасына (бұдан әрі – Хаттама) енгізеді. Хаттамаға мектеп Комиссиясының мүшелері қол қояды.

      70. Оқу сабақтары ұйымдастырылған емдеу мекемесінде емделіп жатқан білім алушыларға қорытынды баға қою кезінде олардың осы емдеу мекемесінің жанындағы мектепте (сыныпта немесе топта) алған тоқсандық (жартыжылдық) және жылдық бағалары ескеріледі.

       71. Білім алушылардың ауызша емтиханда алған бағалары оларға осы сыныптағы немесе топтағы емтихан аяқталғаннан кейін хабарланады.

      Білім алушының жазбаша өтінішінің негізінде мектептің Комиссиясы төрағасының қатысуымен оған жазба жұмыстарын тексеру нәтижелерімен танысуға мүмкіндік беріледі.

      72. Кезекті емтиханнан "2" деген баға алған 9 (10) және 11 (12) сыныптардың білім алушылары келесі емтиханға жіберіледі.

      73. Пән бойынша қорытынды бағаларды шығару кезінде төмендегілерді басшылыққа алу керек:

      1) пән бойынша қорытынды баға ағымдағы оқу жылының тоқсандық (жартыжылдық) бағалары ескеріле отырып, жылдық және емтихан бағаларының негізінде анықталады (емтихан бағасы "4", "5" болған жағдайда ескеріледі);

      2) емтихан бағасы қанағаттанарлықсыз болған жағдайда оң қорытынды баға қойылмайды;

      3) қорытынды баға емтихан бағасынан жоғары болмайды.

      74. Білім алушы жазбаша жұмысы үшін қойылған бағамен немесе тестілеу нәтижесімен келіспеген жағдайда, емтихан бағасы жарияланғаннан кейінгі келесі күні 13 сағат 00 минутқа дейін аудандық, қалалық білім бөлімдерінің, білім басқармаларының, сондай-ақ республикалық мектептердің білім алушылары үшін Министрліктің жанынан құрылған Комиссияға шағымданады.

      75. Қорытынды аттестаттау өткізу үшін ағымдағы жылғы 1 ақпанға дейінгі мерзімде Комиссия мектеп директорының бұйрығымен мектептер жанында, білім бөлімі басшысының бұйрығымен аудандық, қалалық білім бөлімдері жанында, басқарма басшысының бұйрығымен білім басқармалары жанында және Министрдің бұйрығымен Министрлік жанында (республикалық мектептер үшін) құрылады.

      76. Мектеп жанынан құрылған Комиссия құрамына пән мұғалімдері және мектеп директорының орынбасарлары (болған жағдайда), қоғамдық ұйымдардың (болған жағдайда) және ата-аналар комитетінің өкілдері кіреді. Комиссияны мектеп директоры немесе оның орнын алмастырушы тұлға басқарады.

      Мектеп жанындағы Комиссия мүшелерінің саны негізгі және орта мектепте бір бітіруші сынып-кешен болған кезде кемінде бес адамнан және негізгі және орта мектепте екі және одан көп бітіруші сынып-кешен болған кезде кемінде жеті адамнан тұрады.

      77. Аудандық, қалалық білім бөлімдері жанындағы Комиссия құрамына пән мұғалімдері, білім бөлімдерінің, қоғамдық ұйымдар мен ата-аналар комитетінің өкілдері, сондай-ақ білім бөлімі қызметкерінің арасынан тағайындалған хатшы енеді. Комиссияны білім бөлімінің басшысы немесе оның орнын алмастырушы тұлға басқарады.

      78. Білім басқармасы жанындағы Комиссия құрамына пән мұғалімдері, білім басқармасының мамандары, қоғамдық ұйымдардың және ата-аналар комитеттерінің, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, сондай-ақ білім басқармасы қызметкерлерінің арасынан тағайындалған хатшы кіреді. Комиссияны білім басқармасының басшысы немесе оның орнын алмастырушы тұлға басқарады.

       79. Министрлік жанындағы Комиссия құрамына пән мұғалімдері, Министрлік және Министрлікке ведомстволық бағынысты ұйымдардың қызметкерлері, қоғамдық ұйымдардың және ата-аналар комитеттерінің өкілдері, сондай-ақ Министрлік қызметкерлері арасынан тағайындалған хатшы енеді. Комиссияны Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі басқарады.

       80. Мектеп жанынан қалыптастырылған Комиссия келесі іс-шараларды жүзеге асырады:

      1) білім алушылар, педагогтер мен ата-аналар үшін қорытынды аттестаттау өткізу мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу;

      2) 11 (12) сынып білім алушыларының таңдаған пәндерінің тізбесін көрсете отырып қорытынды аттестаттау тапсыратын 11 (12) сынып білім алушыларының тізімін қалыптастыру және ағымдағы жылғы 1 наурызға дейінгі мерзімде ҰТО филиалына жолдау;

       3) қорытынды аттестаттау өткізу жөніндегі, сондай-ақ қорытынды аттестаттауға білім алушыларды даярлау бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;

      4) 9 (10) және 11 (12) сынып білім алушыларының, оның ішінде жалпы орта білім туралы үздік және "Алтын белгі" аттестаттарын алуға үміткерлердің жазбаша емтихан жұмыстарын қарау және ауызша емтихан жауаптарын тыңдау, тестілеу нәтижелерін тексеру;

      5) жазбаша емтихан жұмыстары, тесттілеу аяқталғаннан кейін және ауызша емтихан тыңдалғаннан кейін Хаттаманың электронды нұсқасын білім бөлімдеріне немесе басқармаларына жолдау;

      6) тестілеу нәтижелерін беру және пайдалану;

       7) осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес тестілеу нәтижелерінің балдарын Тестілеу балдарын жалпы орта білім туралы аттестаттың бағаларына ауыстыру шәкіліне сәйкес бағаларға ауыстыру;

      8) апелляцияға түскен ұсыныстардың негізділігін қарау және шешім қабылдау.

      81. Аудандық, қалалық білім бөлімі, білім басқармасы, Министрлік жанынан қалыптастырылған Комиссиялар келесі іс-шараларды жүзеге асырады:

      1) білім алушылар, педагогтер мен ата-аналар арасында қорытынды аттестаттау өткізу мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу;

      2) қорытынды аттестаттауды өткізу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;

      3) апелляцияға түскен ұсыныстардың негізділігін қарау және нақты шешім қабылдау.

      82. Жұмыстардың қорытындысын шығару және "Алтын белгі" белгісімен марапатталған білім алушылардың тізімін бекіту туралы шешімді қабылдау жөніндегі мектеп жанынан қалыптастырылған Комиссияның қорытынды отырысы ағымдағы жылғы 12 маусымнан кешіктірілмей өткізіледі.

      83. Негізгі орта білім туралы үздік аттестат, жалпы орта білім туралы үздік және жалпы орта білім туралы "Алтын белгі" аттестаттарын және "Алтын белгі" белгісін иеленген білім алушылардың тізімі мектеп директорының бұйрығымен бекітіледі.

      84. Білім басқармалары және республикалық мектептер білім алушыларды қорытынды аттестаттау нәтижесі туралы қорытынды мәліметтерді Министрлікке ағымдағы жылғы 1 шілдеден кешіктірмей ұсынады.

      85. Білім алушыларды қорытынды аттестаттау нәтижелері ағымдағы жылғы тамыз айында оқу жылының жұмыс қорытындылары бойынша мектеп жанынан құрылған Комиссияның барлық мүшелерінің қатысуымен педагогикалық кеңесте талқыланады. Педагогикалық кеңес оқу-тәрбие жұмысының сапасын жақсарту бойынша нақты шаралар қабылдайды.

 

Бастауыш, негізгі орта,
жалпы орта білімнің білім
беретін оқу бағдарламаларын
іске асыратын білім беру
ұйымдарындағы білім
алушылардың үлгеріміне
ағымдық бақылаудың, оларды
аралық және қорытынды
аттестаттау жүргізудің үлгі
қағидаларына
1-қосымша

 Балдарды бағаға ауыстыру шәкілі

1 сыныптағы балдардың пайыздық мазмұны (%)

2-11 (12) сыныптардағы балдардың пайыздық мазмұны (%)

Баға

 

0 - 20

0- 39

қанағаттанарлықсыз - "2"

 

21 - 50

40 - 64

қанағаттанарлық - "3"

 

51 - 80

65 - 84

жақсы - "4"

 

81 - 100

85 - 100

өте жақсы - "5"

 

 

Бастауыш, негізгі орта,
жалпы орта білімнің білім
беретін оқу бағдарламаларын
іске асыратын білім беру
ұйымдарындағы білім
алушылардың үлгеріміне
ағымдық бақылаудың, оларды
аралық және қорытынды
аттестаттау жүргізудің үлгі
қағидаларына
2-қосымша

         

 "НЗМ" ДББҰ бітірушілерінің оқудағы нәтижелерін сырттай бағалау балдарын және жеңімпаздардың қорытынды бағаларын ҰБТ балдарына ауыстыру
шәкілі

Пәндер

Жеңімпаздар үшін

"НЗМ" ДББҰ бітірушілері үшін

3 (қанағаттанарлық)

4 (жақсы)

5 (өте жақсы)

U (1)

E (2)

D (3)

C (4)

B (5)

A (6)

A* (7)

1

Қазақ тілі (оқу сауаттылығы)

12

16

20

6

9

12

15

17

19

20

2

Казахский язык (бейінді пән)

24

32

40

12

18

24

30

34

38

40

3

Русский язык (оқу сауаттылығы)

12

16

20

6

9

12

15

17

19

20

4

Русский язык (бейіндік пән)

24

32

40

12

18

24

30

34

38

40

5

Қазақстан тарихы

12

16

20

6

9

12

15

17

19

20

6

Математика (математикалық сауаттылық)

12

16

20

6

9

12

15

17

19

20

7

Математика (бейіндік пән)

24

32

40

12

18

24

30

34

38

40

8

Бейіндік пәндер

24

32

40

12

18

24

30

34

38

40

      * Ең жоғарғы нәтиже

 

Бастауыш, негізгі орта,
жалпы орта білімнің білім
беретін оқу бағдарламаларын
іске асыратын білім беру
ұйымдарындағы білім
алушылардың үлгеріміне
ағымдық бақылаудың, оларды
аралық және қорытынды
аттестаттау жүргізудің үлгі
қағидаларына
3-қосымша

 

Нысан

 Негізгі орта және жалпы орта білім беру деңгейлеріндегі оқыту курсы үшін емтихан (тестілеу) және қорытынды бағалардың
ХАТТАМАСЫ

      __________________________________________________ бойынша Қазақстан Республикасы

                        (оқу пәнінің атауы)

      ________________________________________________________________________________

                                    (облыстың атауы)

      ________________________________________________________________________________

                                        (аудан атауы)

      ________________________________________________________________________________

                                    (қала (ауыл) атауы)

      ________________________________________________________________________________

                                        (мектеп атауы)

      Емтихан комиссиясының құрамында:

      ________________________________________________________________________________

      Емтихан комиссиясы төрағасының Т.А.Ә. (бар болған жағдайда)

      ________________________________________________________________________________

      Емтихан алушының Т.А.Ә. (бар болған жағдайда)

      ________________________________________________________________________________

      (ассистенттің Т.А.Ә. (бар болған жағдайда)

      Білім басқармасынан (Министрліктен) жіберілген емтихан материалдарының пакеті

      _____ сағат ____ минутта ашылды.

       Пакетпен жіберілген емтихан (тест) материалдары осы хаттамаға қоса берілді.

      Емтиханға (тестілеуге) келді:

      ________________________________________________________________________________

                        Білім алушылардың Т.А.Ә. (бар болған жағдайда)

      Емтиханға (тестілеуге) келген жоқ:

      ________________________________________________________________________________

                   Білім алушылардың Т.А.Ә. (бар болған жағдайда)

      Емтихан (тестілеу) ____ сағат ____ минутта басталды.

      Емтихан (тестілеу) ____ сағат ____ минутта аяқталды.

      Емтихан (тестілеу) нәтижелері бойынша мынадай бағалар қойылды:

Емтихан тапсырушының Т.А.Ә. (бар болған жағдайда)

Жазбаша жұмыстың тақырыбы және нұсқасы, билет №

Емтихан бағасы (жазумен)

Жылдық бағасы (жазумен)

Қорытынды бағасы (жазумен)

1


 


 


 


 


 

2


 


 


 


 


 

      Емтихан комиссиясы мүшелерінің жекелеген білім алушылардың жауаптарының

      бағалары туралы ерекше пікірлері

      ________________________________________________________________________________

      Емтиханды (тестілеуді) өткізу күні: "___" __________20__ ж.

      Бағаны хаттамаға енгізу күні: "___"__________ 20__ ж.

      Комиссия төрағасы                               _________________________ _______

                                                Т.А.Ә. (бар болған жағдайда)    қолы

      Емтихан алушы мұғалім                        _________________________ _______

                                                Т.А.Ә. (бар болған жағдайда)    қолы

      Ассистенттер                               _________________________ _______

                                                Т.А.Ә. (бар болған жағдайда)    қолы

                                                _________________________ _______

                                                Т.А.Ә. (бар болған жағдайда)    қолы

      Ескерту: ұқсас Хаттаманың электронды нұсқасы қағаз нұсқамен бірдей қолданылады.

 

Бастауыш, негізгі орта,
жалпы орта білімнің білім
беретін оқу бағдарламаларын
іске асыратын білім беру
ұйымдарындағы білім
алушылардың үлгеріміне
ағымдық бақылаудың, оларды
аралық және қорытынды
аттестаттау жүргізудің үлгі
қағидаларына
4-қосымша

 Тестілеу балдарын жалпы орта білім туралы аттестаттың бағаларына ауыстыру
шәкілі

№ р/с

Пән

2 (қанағаттанарлықсыз)

3 (қанағаттанарлық)

4 (жақсы)

5 (өте жақсы)

 

1

Орыс, өзбек, ұйғыр және тәжік тілінде оқытатын мектептер үшін қазақ тілі

0 – 8

9 – 24

25 – 32

33 - 40

 

2

Қазақ тілінде оқытатын мектептер үшін орыс тілі

0 – 8

9 – 24

25 – 32

33 - 40

 

4

Геометрия

0 – 12

13 - 36

37 -48

49 - 60

 

5

Физика

0 – 12

13 – 36

37 -48

49 - 60

 

6

Химия

0 – 12

13 – 36

37 -48

49 - 60

 

7

Биология

0 – 12

13 – 36

37 -48

49 - 60

 

8

География

0 – 12

13 – 36

37 -48

49 - 60

 

9

Дүниежүзі тарихы

0 – 12

13 – 36

37 -48

49 - 60

 

10

Орыс әдебиеті

0 – 12

13 – 36

37 -48

49 - 60

 

11

Қазақ әдебиеті

0 – 12

13 – 36

37 -48

49 - 60

 

12

 Ағылшын тілі

0 – 8

9 – 24

25 – 32

33 - 40

 

13

 Француз тілі

0 – 8

9 – 24

25 – 32

33 - 40

 

14

Неміс тілі

0 – 8

9 – 24

25 – 32

33 - 40

 

15

Информатика

0 – 6

7 – 13

14 – 20

21 – 27

 

 

Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2008 жылғы 18 наурыздағы
N 125 бұйрығымен
бекітілген

               

       Ескерту. Тақырыпта және барлық мәтін бойынша "ережесі", "ереженің", "ережеге", "ережесіне", "ережеде" деген сөздер "қағидалары", "қағидалардың", "қағидаларға", "қағидаларына", "қағидаларда" деген сөздермен ауыстырылды – ҚР Білім және ғылым министрінің 30.01.2017 № 36 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

 Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарындағы білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды, аралық және қорытынды аттестаттауды өткізу қағидалары
1. Негізгі ережелер

       1. Осы техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарындағы білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды, аралық және қорытынды аттестаттауды өткізу қағидалары (бұдан әрі - Ереже) "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 19-тармағына сәйкес әзірленген және меншік нысаны мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарындағы білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды, аралық және қорытынды аттестаттауды өткізудің тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай анықтаулар пайдаланылған:

      1) білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылау - бұл оқытушының пәнді оқыту бағдарламасына сәйкес ағымдағы сабақ барысында өткізген білім алушылардың білімін жүйелі тексеруі;

      2) білім алушыларды аралық аттестаттау - білім алушының бір оқу пәнін оны зерделеп бітіргеннен кейін бір бөлігінің немесе бүкіл көлемінің мазмұнын меңгеруінің сапасын бағалау мақсатында жүргізілетін рәсім;

      3) білім алушыларды қорытынды аттестаттау - олардың техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартын меңгеруінің дәрежесін айқындау мақсатында жүргізілетін рәсім;

      4) кәсiптiк даярлықты бағалау - техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары бітірушілерінің кәсіптік қызметтің тиісті түрінің шеңберінде жұмысты орындауға біліктілік деңгейiнің сәйкестігі дәрежесін (қабілетін) анықтау;

       5) сертификаттау жөніндегі орган – сәйкестікті растау және кәсiптiк даярлық деңгейiн бағалау қорытындылары бойынша сертификат беру рәсімін ұйымдастыру үшін белгіленген тәртіпте аккредиттелген заңды тұлға;

      6) біліктілік комиссиясы - техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары бітірушісінің кәсiптiк даярлық деңгейiн бағалау және бiлiктiлiк деңгейін анықтау үшін құрылатын алқалық орган.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 2013.08.29 № 360 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен; өзгеріс енгізілді - ҚР Білім және ғылым министрінің 13.05.2016 № 318 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.
 

  2. Білім алушыларды ағымдағы бақылаудан және аралық аттестаттаудан өткізу

       3. Ағымдағы бақылау пәндер бойынша практикалық және семинарлық сабақтар жоқ болған жағдайда оқытушының оқу бағдарламасында көзделген міндетті бақылау жұмыстарын (жазбаша тапсырмалар, рефераттар) тексеруі арқылы жүзеге асырылады. Бақылау жұмысы бірнеше нұсқа бойынша (4 нұсқадан кем емес) немесе жеке тапсырмалар бойынша өткізіледі.

       4. Оқу жоспарына сәйкес оқыту дәрістік курспен шектелетін пәндер бойынша міндетті бақылау жұмыстары болмаған жағдайда, үлгерімді ағымдағы бақылау жүзеге асырылмайды. Мұндай пәндердің тізбесін білім беру ұйымдарының пәндік (циклдік) комиссиясы анықтайды.

       5. Білім алушыларды аралық аттестаттаудан өткізудің пәндер тізбесі мен нысанын мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарға сәйкес техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары белгілейді және оқу жылының басында оқу-тәрбие процесінің кестесіне енгізіледі.

       6. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарындағы білім алушыларды аралық аттестаттау мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының негізінде әзірленген оқу жұмыс жоспарлары мен бағдарламаларына сәйкес жүзеге асырылады, курстық жобаларды (жұмыстарды) қорғау, сынақтар және емтихандар нысанында, сондай-ақ сынақтар және курстық жобаларды (жұмыстарды) қорғау емтихандар басталғанға дейін өткізіледі. Курстық жобалар (жұмыстар) аталған пән бойынша курстық жобаны (жұмысты) орындау үшін жеткілікті білімді меңгеруді қамтамасыз ететін пәннің теориялық бөлімі немесе тарауы аяқталғаннан кейін орындалады.

       7. Егер ағымдағы семестрдің оқу жоспарында аралық аттестаттау аталған пән бойынша емтихан немесе қорытынды сынақ түрінде қарастырылмаса, сынақтар келесі семестрге ауысқан пәндер бойынша өткізіледі.

       Сараланған бағамен өткізілетін сынақтар ("үздік", "жақсы", "қанағаттанарлық" және "қанағаттанарлықсыз") курстық жобалар (жұмыс), кәсіптік тәжірибе бойынша, сондай-ақ тізбесі оқу жұмыс жоспарына сәйкес айқындалатын арнайы пәндер бойынша жүргізіледі.

       8. Білім алушыларды аралық аттестаттау материалдары әрбір оқу пәнінің оқу жұмыс жоспарлары мен бағдарламаларының негізінде жасалады.

       9. Білім алушыларды аралық аттестаттауға даярлау кезеңінде консультацияға бөлінген жалпы бюджет уақыты есебінен консультация өткізіледі.

       10. Білім алушыларды емтихан нысанында аралық аттестаттаудан өткізу үшін:

       - емтихан билеттері (емтихандық бақылау тапсырмалары), тест тапсырмалары;

       - емтихан кезінде пайдалануға рұқсат берілген көрнекі құралдар, анықтама сипатындағы материалдар, нормативтік құжаттар мен техника үлгілері;

       - оқу және технологогиялық карталар;

       - спорт залдары, жабдықтар, мүкәммалдар;

       - емтихан ведомосы дайын болуы қажет.

       11. Аралық аттестаттауды (емтихандар мен сынақтарды қабылдау) сол пәннен семестр бойы (жарты жылдық) сабақ берген оқытушы немесе білім беру ұйымы басшысының тапсырмасы бойынша осы пәннің бейініне сәйкес келетін біліктілігі бар оқытушы жүзеге асырады.

       12. Аралық аттестаттауға барлық практикалық, зертханалық, есеп айырысу-кестелік және курстық жұмыстарды (жобаларды), сынақтарды толық орындаған және әрбір пән бойынша типтік оқу бағдарламаларына сәйкес ағымдағы білім есебінің қорытындысы бойынша қанағаттанарлықсыз баға алмаған білім алушылар жіберіледі.

       Емтиханға 1-2 пәннен қанағаттанарлықсыз бағасы бар білім алушы білім беру ұйымы басшысының рұқсатымен, ал екеуден көп қанағаттанарлықсыз бағасы болса, педагогикалық кеңестің (бұдан әрі - педагогикалық кеңес) шешімімен жіберіледі.

       13. Аралық аттестаттауды өткізу кезінде емтихан билеттері бойынша тапсырмаларды орындау үшін:

      әрбір білім алушыға ауызша емтиханға 25 минуттан көп емес;

      жазбаша емтиханды өткізуге:

      1) әдебиет (шығарма) бойынша 6 астрономиялық сағаттан;

      2) математика және арнайы пәндер бойынша 4 академиялық сағаттан;

      3) мемлекеттік тіл және орыс тілі (мазмұндама) бойынша 3 астрономиялық сағаттан;

      4) мемлекеттік тіл және орыс тілі бойынша (диктант) 2 астрономиялық сағаттан көп емес уақыт қарастырылған.

      Жазбаша емтихан (тест тапсырмалары) жұмыстары білім беру ұйымының мөртабаны қойылған қағаздарда орындалады.

      Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 13.05.2016 № 318 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
 

        14. Тыңдауға, оқу жұмысын қарауға, спорт көріністеріне байланысты арнайы пәндер бойынша емтихандарды тиісті әдістемелік пәндік және циклдық, кафедралық комиссиялардың оқытушылары қабылдайды. Оларды өткізуге бір оқушыға бір академиялық сағаттан аспайтын нақты уақыт қарастырылады.

       15. Аралық аттестаттауды (емтихандар мен сынақтарды) өткізу кезінде техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымы басшысының рұқсатынсыз (оқу ісі, әдістемелік жұмыстар жөніндегі басшының орынбасарынан, бөлім меңгерушісі мен пәндік-циклдік комиссияның төрағасынан (төрайымынан) басқа) бөгде адамдардың қатысуына болмайды.

       16. Сырқаттануына байланысты немесе басқа да дәлелді себептермен аралық аттестаттаудан өтпеген білім алушыларға техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім білім беретін оқу орнының басшысы оны тапсыруға жеке мерзім белгілейді.

       17. Емтихан тапсыру, сонымен бірге курстық жобаларды қорғау кезіндегі білім алушылардың білімін бағалау цифрлық бес балдық жүйе бойынша жүзеге асырылады: (5 - "өте жақсы", 4 - "жақсы", 3 - "қанағаттанарлық", 2 - "қанағаттанарлықсыз").

       18. "Қанағаттанарлықсыз" (сынақтан өткен жоқ) деген баға алған жағдайда емтиханды қайта тапсыру бір пәнге 1 реттен артық рұқсат етілмейді.

       Емтиханды (сынақты) қайта тапсыруға пәнді жүргізетін оқытушыға белгіленген мерзімде бөлім меңгерушісі жазбаша түрде рұқсат берген жағдайда жіберіледі (немесе ол оқытушы болмаған жағдайда, осы пәннің бейініне сәйкес біліктілігі бар басқа оқытушыға тапсыруға болады).

       19. Аралық аттестаттау қорытындылары бойынша үшеуден артық қанағаттанарлықсыз деген баға алған білім алушылар педагогикалық кеңестің шешімі бойынша, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымы басшысының бұйрығымен оған белгіленген үлгіде анықтама беріліп, білім беру ұйымынан шығарылады.

       20. Белгіленген курстағы оқу жоспарының талаптарын толықтай орындаған, аралық аттестаттаудың барлық сынақтары мен емтихандарын табысты тапсырған білім алушылар келесі курсқа техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымы басшысының бұйрығымен көшіріледі.

       21. Аралық аттестаттауға шығарылмайтын пәндер бойынша қорытынды бағаларды курстың соңында үлгерімді ағымдағы бақылау бағаларының негізінде оқытушылар қояды.

       22. Ағымдағы семестрдің пәндері бойынша зертханалық, практикалық, есептік-графикалық және курстық жұмыстарды (жобалар), сынақтарды "өте жақсы" деген бағаға тапсырған үздік білім алушыларға ағымдағы оқу сабақтарынан қол үзбей, мерзімінен бұрын аралық аттестаттаудың емтихандарын тапсыруға техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымы басшысының бұйрығымен рұқсат беріледі.

 3. Білім алушыларға қорытынды аттестаттауды өткізу

       23. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарындағы білім алушыларды қорытынды аттестаттау:

      1) білім беру ұйымдарында білім алушыларды қорытынды мемлекеттік аттестаттауды;

      2) кәсіби даярлығының деңгейін бағалауды және біліктілікті беруді қамтиды.

      23-1. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында білім алушыларды қорытынды аттестаттауды оқу орны білім алушылардың тиісті мамандықтар бойынша білім беру бағдарламаларын игеру дәрежесін анықтау мақсатында өткізеді.

      Ескерту. Ереже 23-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Білім және ғылым министрінің 2013.08.29 № 360 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.
 

       24. Білім беру ұйымдарында білім алушыларды қорытынды аттестаттауды өткізу үшін білім беру ұйымы басшысының бұйрығымен аттестаттау емтихан комиссиясы құрылады.

      Аттестаттау емтихан комиссиясының құрамы кәсіпорындардың білікті мамандарынан, арнайы пәндер оқытушыларынан, өндiрiстiк оқыту шеберлерiнен және оқу орнын басқарудың алқалық органдары өкілдерінен, яғни жұмыс берушілер өкілдерінен 65% және техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының өкілдерінен 35% арақатынасында құрылады.

      Ескерту. 24-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 13.05.2016 № 318 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
 

        25. Комиссия қорытынды аттестаттауды өткізу кезеңінде қорытынды аттестаттауды өткізуге бір ай қалғанда құрылады.

       26. Комиссия:

       техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарында белгіленген білім алушылардың теориялық және практикалық даярлық деңгейінің сәйкестігін;

       білім алушылардың кәсіптері (мамандықтары) бойынша оқу бағдарламалары мен біліктілік сипаттамасының талаптарына сәйкестігін, өндірістік оқыту, жалпы кәсіптік және арнайы пәндерден нақты білім деңгейін, іскерлік және тәжірибелік жұмыс дағдысын анықтайды.

       27. Комиссия отырыстарының ұзақтығы күніне 6 сағаттан аспауы қажет.

       28. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарындағы білім алушыларды қорытынды аттестаттау оқу процесінің кестесінде көрсетілген мерзімде және техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарымен белгіленген оқу жұмыс жоспарларының нысандары бойынша өткізіледі.

      29. Комиссияға мынадай материалдар мен құжаттар ұсынылады:

      мамандықтар (кәсіптер) бойынша білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты;

      техникалық және кәсіптік білім беру ұйымы басшысының білім алушыларды қорытынды аттестаттауға жіберу туралы бұйрығы;

      білім алушылардың қорытынды бағаларының жиынтық ведомосы;

      оқу бағдарламаларына сәйкес қорытынды емтиханға енгізілген емтихан билеттерінің жиынтығы мен мәселелер тізбесі;

      білім алушылардың денсаулық жағдайына байланысты қорытынды аттестаттау мерзімін жылжытуды растауға құқық беретін құжаттар.

      Ескерту. 29-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 13.05.2016 № 318 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
 

        30. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарындағы білім алушыларды қорытынды аттестаттау арнайы пәндер бойынша қорытынды емтихан тапсыру және/немесе диплом жобасын (жұмысын) қорғау нысанында өткізіледі.

       Арнайы пәндер бойынша қорытынды емтихандар: оқу бағдарламаларына сәйкес бірнеше арнайы пәндерден сұрақтар енгізілетін ауызша, жазбаша, кешенді емтихан нысанында өткізіледі.

       Диплом жобасын (жұмысын) қорғау қорытынды аттестаттау жүргізу жөніндегі комиссияның ашық отырысында кемінде 2/3 мүшелерінің қатысуымен өткізіледі.

       Бір диплом жобасын (жұмысын) қорғау ұзақтығы бір білім алушыға 30 минуттан аспауы керек. Диплом жобасын қорғау үшін білім алушы 10 минуттан аспайтын баяндама жасайды. Диплом жобасын (жұмысын) қорғаудың нәтижесі өткізілген күні жарияланады.

       Қорытынды ауызша емтиханның ұзақтығы бір білім алушыға 15 минуттан аспауы керек.

       31. Диплом жобасын қорғау немесе қорытынды емтихан тапсыру кезінде "қанағаттанарлықсыз" деген баға алған тұлғаға тек оның алдыңғы қорытынды аттестаттауда қанағаттанарлықсыз баға алған нысаны бойынша қорытынды аттестаттаудың келесі кезеңіне қайта тапсыруға рұқсат етіледі. Қорытынды емтиханды қайта тапсыру "қанағаттанарлықсыз" деген баға алған пән бойынша ғана жүргізіледі.

       Комиссия білім алушыға комиссия белгілеген бұрынғы жұмысын қайта қорғауға немесе жаңа тақырып әзірлеуге ұсынады.

       32. Диплом жобасын қайта қорғаудан немесе қорытынды емтихан тапсыру кезінде "қанағаттанарлықсыз" деген баға алған білім алушыға мамандығы (кәсібі) бойынша оқу курсын толық аяқтағандығы туралы белгіленген үлгідегі анықтама беріледі.

      33. Тиісті құжаттармен дәлелденген, себепті жағдайлармен дипломдық жобаны (жұмысты) қорғауға және қорытынды емтиханды тапсыруға келмеген білім алушылар белгіленген мерзімде техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары басшысының бұйрығы бойынша қорытынды аттестаттаудан өтуге жіберіледі.

       34. Аттестаттау емтихан комиссиясының отырысы тиісті хаттамамен ресімделеді, оған комиссия төрағасы, мүшелері және хатшысы қол қояды.

      Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында білім алушыларды қорытынды аттестаттау нәтижелері туралы аттестаттау емтихан комиссиясы отырысының хаттамасынан үзінділер сертификаттау жөніндегі органға беріледі.

      Ескерту. 34-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 2013.08.29 № 360 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.
 

       34-1. Білім алушылардың кәсіптік даярлық деңгейін бағалау және біліктілік беру - білікті жұмысшы кадрлардың кәсіптері (мамандықтары) бойынша біліктілік беру туралы сертификат беру үшін қажетті шарт болып табылатын техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында білім алушыларды қорытынды аттестаттаудың бөлігі.

       Бітірушілердің кәсіптік даярлық деңгейін бағалауды және біліктілік беруді ұйымдастыру үшін сертификаттау жөніндегі орган біліктілік комиссиясын құрады.

      Біліктілік комиссиясының төрағасы кәсіпорын және жұмыс берушілер қауымдастықтары қатарынан Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өңірлік палаталарының және филиалдарының (дербес білім беру ұйымдарын қоспағанда) келісімі бойынша, ал республикалық бағынысты білім беру ұйымдарында Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының (автономды білім беру ұйымдарын қоспағанда, 3 реттен аспайтын) келісімімен тағайындалады. Біліктілік комиссиясының құрамына Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өңірлік палаталары мен филиалдары өкілдерінің келісімі бойынша (дербес білім беру ұйымдарын қоспағанда) жұмыс берушілер өкілдерінен 75% және 25%-ға техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары өкілдерінен арақатынасында кәсіпорындардың өкілдері, арнайы пәндер оқытушылары, өндiрiстiк оқыту шеберлерi, еңбектi қорғау және қауiпсiздiк техникасы жөнiндегi органдардың өкiлдерi кіреді.

      Ескерту. Ереже 34-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Білім және ғылым министрінің 2013.08.29 № 360 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); өзгеріс енгізілді - ҚР Білім және ғылым министрінің 13.05.2016 № 318 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.
 

        35. Білім алушылардың кәсіптік даярлық деңгейін бағалау және біліктілік беру "Кәсіптік даярлық деңгейін бағалау және техникалық және қызмет көрсететін еңбек кәсіптері (мамандықтар) бойынша біліктілікті беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 18 маусымдағы № 281 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7786 болып тіркелген) Кәсіптік даярлық деңгейін бағалау және кәсіптері (мамандықтар) бойынша біліктілікті беру қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.

      Ескерту. 35-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 13.05.2016 № 318 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
 

        36. Емтиханды оқу жоспарының 75 пайыздан кем емес барлық пәндерінен "өте жақсы" деген бағамен, ал қалған пәндерді - "жақсы" деген бағамен тапсырған, және дипломдық жобаны (жұмысты) "өте жақсы" деген бағамен қорғаған білім алушыға үздік диплом беріледі.

      37. Біліктілік деңгейін көрсете отырып диплом беру туралы шешім арнайы пәндер бойынша қорытынды емтихандар және (немесе) дипломдық жобаларды қорғау нәтижелері негізінде қабылданады.

       Қорытынды аттестаттау жөніндегі комиссияның шешімі білім беру ұйымдарының мұрағатында сақталады.

      Ескерту. 37-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Білім және ғылым министрінің 13.05.2016 № 318 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
 

        38. Комиссияның төрағасы екі апталық мерзімде аттестаттау аяқталысымен аттестаттау қорытындысы туралы есеп дайындайды.

       39. Қорытынды аттестаттауды өткізу жөніндегі комиссия төрағасының есебінде: білім алушылардың аталған кәсібі (мамандығы) бойынша даярлық деңгейі; білім алушылардың емтиханда анықталған біліміне сипаттама; пәндердің жекелеген сұрақтары бойынша білім алушылардың дайындығында кездесетін кемшіліктер; техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру кәсіптері (мамандықтары) бойынша білікті кадрлардың даярлығын одан әрі жетілдіру бойынша ұсынымдар көрсетіледі.

       40. Комиссия төрағасы немесе оның орынбасары педагогикалық кеңеске комиссия жұмысының қорытындылары туралы баяндайды.

 

Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2008 жылғы 18 наурыздағы
N 125 бұйрығымен
бекітілген

 Жоғары оқу орындарында білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау жүргізудің үлгілік қағидалары

       Ескерту. Қағида жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 30.01.2017 № 36 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

 1-тарау. Жалпы ережелер

       1. Жоғары оқу орындарында білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды мемлекеттік аттестаттау жүргізудің осы үлгілік қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 19) тармақшасына сәйкес әзірленді және меншік нысаны мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан жоғары оқу орындарында білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылаудың, оларды аралық және қорытынды аттестаттаудың тәртібін анықтайды.

       2. Білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау білім алушылардың Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысымен бекітілген (бұдан әрі – МЖМББС) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартын және білім беру бағдарламаларын меңгеру дәрежесін анықтау мақсатында өткізіледі.

      3. Осы Қағидаларда мынадай анықтамалар пайдаланылады:

       1) академиялық адалдық – білім алушының жазбаша жұмыстарды орындау (бақылау, курстық, эссе, дипломдық, диссертациялық), емтихандағы жауап, зерттеулердегі, өз ұстанымын көрсету, академиялық қызметкерлермен, оқытушылар мен өзге студенттермен өзара қарым-қатынас, сондай-ақ бағалау барысындағы адалдығын айқындайтын құндылықтар мен ұстанымдардың жиынтығы;

      2) білім алушыларды қорытынды аттестаттау – бітірушілердің білім алу теориялық деңгейін, қалыптасқан кәсіптік құзіретін, кәсіптік міндеттерді орындауға даярлығын және олардың білім беру бағдарламаларының талаптарына сәйкестігін бағалау рәсімі;

       3) білім алушыларды аралық аттестаттау – білім алушылардың оқу жетістіктерінің (білімі, икемділігі, дағды және құзыреті) деңгейін оқу пәнін бітіргеннен кейін оқу пәнінің бағдарламасына сәйкес бағалау рәсімі;

      4) білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылау – академиялық кезең ішінде, кестеге сәйкес оқытушылар өткізетін аудиториялық және аудиториядан тыс сабақтарда студенттердің білімін, икемділігі мен дағдыларын жекелеген тақырыптар, бөлімдер, модульдер бойынша кәсіптік оқу бағдарламасына сәйкес жүйелі түрде тексеру;

      5) емтихан сессиясы – жоғары оқу орындарында (бұдан әрі – ЖОО) студенттерді аралық аттестаттау кезеңі;

      6) кредиттік оқыту технологиясы – білім алушының және оқытушының оқу жұмысының көлемін өлшеудің сәйкестендірілген бірлігі ретінде кредитті пайдалана отырып, білім алушылардың пәндерді оқып зерделеу дәйектілігін таңдауы және дербес жоспарлауы негізіндегі оқыту;

      7) межелік бақылау – бір оқу пәнінің ірі бөлімін (модулін) аяқтағанда білім алушылардың оқу жетістіктерін бақылау;

      8) оқу жетістіктерін бағалаудың балдық-рейтингтік әріптік жүйесі - халықаралық практикада қабылданған әріптік жүйеге сәйкес келетін және білім алушылардың рейтингісін белгілеуге мүмкіндік беретін білім деңгейін балл түріндегі бағалау жүйесі;

      9) офис регистратор – білім алушылардың оқу жетістіктерінің тарихын олардың меңгерген кредитін есептей отырып тіркеумен шұғылданатын және білім алушыларды аралық және қорытынды аттестаттауды, оның академиялық рейтингісін есептеуді ұйымдастыратын академиялық қызмет;

      10) оқу үлгерімінің орташа балы (Grade Point Average - GРА) – аралық аттестаттау пәндері бойынша кредиттердің жалпы санына қарай аралық аттестаттау пәндерінің балдық бағасының сандық эквиваленті мен кредиттер сомасының қатынасы ретінде білім алушының таңдаған бағдарлама бойынша бір оқу жылындағы қол жеткізген оқу үлгерімінің таразыланған орташа бағасы;

      11) пререквизиттер (Рrerequisite) - оқылатын пәнді игеру үшін қажетті білім, икемділіктер мен дағдыларды қамтитын пәндер тізбесі;

      12) транскрипт (Transcript) – білімді бағалаудың балдық-рейтингтік әріптік жүйесі бойынша кредиттері мен бағалары көрсетілген тиісті кезеңде өтілген пәндердің тізбесі бар құжат.

       4. Бағалау академиялық адалдыққа негізделеді. ЖОО-ның ғылыми кеңесімен бекітілетін Академиялық адалдық қағидаларын ЖОО дербес әзірлейді.

      Академиялық адалдық қағидаларының принциптері бұзылған жағдайда білім алушыларды оқудан шығару туралы шешімді ЖОО дербес қабылдайды.

 2-тарау. Жоғары оқу орындарында білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылау және аралық аттестаттаудан өткізудің тәртібі

 1-параграф. Жоғары оқу орындарында білім алушылардың ағымдық бақылаудан өткізудің тәртібі

       5. Білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылау оқу пәнінің әр тақырыбы бойынша өткізіледі және аудиториялық және аудиториядан тыс сабақтардағы бақылауды қамтиды.

       6. Межелік бақылау нысанын, мерзімін, саны мен тәртібін ЖОО дербес анықтайды.

       7. Білім алушылардың үлгерімін ағымдық бақылауды ұйымдастыру мен өткізу тәртібін ЖОО академиялық саясатына сай дербес анықтайды.

      8. Білім алушылардың оқу жетістіктерін тексеруді жоғары оқу орны өзі дербес анықтайтын бақылау мен аттестаттаудың нысандары арқылы жүзеге асырылады.

       9. Білім алушылардың оқудағы жетістіктерін бақылаудың барлық түрлері бойынша (ағымдық бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау) білімді бағалаудың әріптік балдық-рейтингтік жүйесі арқылы бағаланады оны дәстүрлі бағалау шкаласына аудару осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес жүргізіледі.

       10. Тілдер бойынша (шет тілі, қазақ, орыс) білім алушылардың оқудағы жетістіктері оларды оқытудың дәрежелік моделіне сай осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес шкала бойынша бағаланады.

 2-параграф. Жоғары оқу орындарында білім алушылардың үлгеріміне аралық бақылау өткізудің тәртібі

       11. ЖОО-да білім алушыларды аралық аттестаттау МЖМББС негізінде және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің м.а. 2013 жылғы 16 тамыздағы № 343 бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8636 тіркелген) Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру мамандықтары бойынша үлгілік оқу жоспарлары (бұдан әрі – үлгілік оқу жоспарлары) мен оқу бағдарламалары негізінде әзірленген академиялық күнтізбеге, оқу жұмыс жоспарына және оқу бағдарламаларына сәйкес жүзеге асырылады.

       12. Білім алушыларды аралық аттестаттау емтихан тапсыру, курстық жұмыстарды (жобаларды) және кәсіптік практика бойынша есептерді қорғау нысаны түрінде міндетті түрде баға қою арқылы жүргізіледі және емтихандық сессия болып анықталады.

       13. Білім алушыларды аралық аттестаттауды ұйымдастыру мен өткізу тәртібін ЖОО академиялық саясатына сәйкес дербес анықтайды.

       14. ЖОО әр оқу пәні бойынша емтихан нысанын ЖОО-ның ғылыми кеңесінің шешімі негізінде дербес анықтайды.

      15. Білім алушыларды аралық аттестаттауды (емтихандық сессия) ұйымдастыру мен өткізуді офис регистратор жүргізеді.

      16. Аралық аттестаттау нәтижесі бойынша офис регистратор білім алушылардың академиялық рейтингілерін құрастырады.

      17. Оқу пәні бойынша аралық аттестаттау қорытындысын шығару барысында емтихан бағасы және академиялық кезең ішіндегі үлгерімді ағымдық бақылау бағасының орташа балы (жіберілу рейтингісінің бағасы) ескеріледі.

       18. Аралық аттестаттаудың оң қорытынды бағасы тиісті оқу пәні бойынша белгіленген көлемдегі кредиттерді игерілді деп есептеуге негіз болады және білім алушының транскриптіне жазылады.

      19. Білім алушы қорытынды бақылаудан (емтиханнан) "қанағаттанарлықсыз" деген баға алған жағдайда пән бойынша қорытынды баға есептелмейді және ол бойынша кредиттер есептелмейді.

      20. Қорытынды бақылаудың оң бағасын аралық аттестаттаудың осы кезеңінде көтеру мақсатында қайта тапсыруға рұқсат етілмейді.

      Қорытынды бақылаудың оң бағасын қайта тапсыру осы Қағидалардың 23-тармағына сәйкес жүзеге асырылады.

      21. Білім алушылар емтихандарды қатаң түрде пәндер бойынша бекітілген жұмыс және жеке оқу жоспарына, оқу бағдарламаларына сәйкес тапсырады.

       22. Білім алушылар қажет болған жағдайда оқытудың қосымша түрлерінің пәндері бойынша емтихан тапсырады, нәтижесі емтихан ведомосына және транскриптке жазылады (әскери дайындықтан басқасы).

       23. "Қанағаттанарлықсыз" бағасын оң бағаға өзгерту немесе үлгерімнің орта балын (GPA) көтеру мақсатында қайта тапсыру үшін білім алушы келесі академиялық кезеңде немесе жазғы семестрде сол пән бойынша оқу жұмыс жоспарында қарастырылған барлық сабақ түрлеріне қайта қатысып, рұқсат алады және қорытынды бақылау тапсырады.

      Мұндай жағдайда білім алушы белгіленген тәртіп бойынша оқу пәніне жазылу рәсімінен қайта өтеді.

      24. Қорытынды бақылаудың бағасымен келіспейтін білім алушы емтихан өткізілген күннен кейінгі жұмыс күнінен кешіктірмей апелляция береді.

       25. ЖОО басшысының бұйрығымен емтихан сессиясы кезеңіне (аралық аттестаттау) апелляцияланатын пәндер бейініне біліктілігі сәйкес келетін оқытушылардан апелляциялық комиссия құрылады.

       26. Апелляциялық комиссия шешімі хаттамамен ресімделеді және оның негізінде емтихан ведомосы құрылады.

       27. Офис регистратор емтихан сессияларының (қысқы, көктемгі және күзгі сессия нәтижелері) қорытындысы бойынша білім алушының оқу жетістіктері деңгейінің ортасалмақ бағасы болатын өту балын есептейді.

      28. Курстан курсқа көшіру үшін өту балының төменгі деңгейінің көлемін ЖОО оқыту курсының бөлінісінде дербес белгілейді.

      29. Өту балының ең төменгі көлемін жинаған білім алушылар факультет деканының (институт, жоғары оқу орнынан кейінгі білім бөлімі директорының,) ұсынысы негізінде ЖОО басшысының бұйрығымен келесі курсқа көшіріледі.

      30. Ең төменгі өту балын ала алмаған білім алушы оқу курсын қайта оқуға қалдырылады.

      31. Курс бағдарламасын толығымен өтіп, белгіленген өту балының ең төменгі деңгейіне жете алмаған білім алушыға өзінің орташа үлгерім балын (GPA) жоғарылатуы мақсатында жазғы семестрде белгілі бір пәндерді ақылы түрде қайта оқуына және сол пәндерден қайта емтихан тапсыруына мүмкіндік беріледі.

      32. Қайта тапсырылған емтиханнан оң нәтиже алған жағдайда емтихан ведомосы мен транскриптке жазылатын қорытынды баға қайта есептеледі.

      Орташа үлгерім балын есептеу барысында оқу пәні бойынша соңғы бағалар есепке алынады.

      33. Транскриптке білім алушының қайта тапсырған емтихандарының оң нәтижелерімен қоса барлық қорытынды бағалары жазылады.

      34. Оқу курсына қайта қалдырылған білім алушы бұрын қабылданған жеке оқу жоспары немесе қайта құрастырылған жеке оқу жоспары бойынша білім ала алады.

      35. Өту балының ең төменгі деңгейін жинап, келесі курсқа ауыстырылған академиялық берешегі бар білім алушы тиісті пәндерді ақылы негізде қайта оқып, академиялық қарыздарын жоюы тиіс.

      36. Осы Қағидалар әскери, арнайы оқу орындарында оқитын білім алушыларға таратылмайды.

      37. Емтихандар қорытындысы және оқу үрдісін жақсарту бойынша ұсыныстар емтихандық сессия аяқталғаннан кейін ЖОО-ның ғылыми кеңесінің отырысында талқыланады.

       38. ЖОО емтихандық сессиялардың қорытындысын білім беру саласындағы уәкілетті органға осы Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша электронды және қағаз тасығыштарда береді.

       39. ЖОО-дан шығарылған тұлғаға Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 12 маусымдағы № 289 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5717 болып тіркелген) (бұдан әрі - № 289 бұйрық) білімі аяқталмаған тұлғаларға берілетін анықтама беріледі.

 3-параграф. Жоғары оқу орындарында "Қазақстанның қазіргі заман тарихы" пәні бойынша мемлекеттік емтихан өткізудің тәртібі

       40. Барлық бакалавр мамандығындағы ЖОО студенттері "Қазақстанның қазіргі заман тарихы" пәні бойынша оны оқып аяқтағаннан кейін сол академиялық кезеңде мемлекеттік емтихан тапсырады.

      41. Мемлекеттік емтихан өткізуді "Қазақстанның қазіргі заман тарихы" оқу пәнін оқытатын кафедра (бұдан әрі - кафедра) факультет деканатымен (институт директоратымен) және Офис регистратормен бірлесе отырып жүзеге асырады.

       42. "Қазақстанның қазіргі заман тарихы" пәні бойынша мемлекеттік емтиханды өткізу үшін кафедра аталған пән бойынша үлгілік оқу бағдарламасы негізінде оқудың барлық нысаны мен мамандықтары үшін бірыңғай оқу жұмыс бағдарламасын әзірлейді.

       43. "Қазақстанның қазіргі заман тарихы" пәні бойынша мемлекеттік емтиханды өткізу нысанын ЖОО ғылыми кеңес шешімі негізінде дербес анықтайды.

      44. "Қазақстанның қазіргі заман тарихы" пәні бойынша мемлекеттік емтиханды қабылдау үшін факультет деканының (институт директоры) ұсынысы бойынша күнтізбелік жылға мемлекеттік емтихан комиссиясы (бұдан әрі – МЕК) құрылады.

       45. "Қазақстанның қазіргі заман тарихы" пәні бойынша МЕК төрағасы мен құрамы ғылыми кеңес шешімі негізінде ЖОО басшысының бұйрығымен бекітіледі.

      46. МЕК отырыстарының кестесін офис регистратор академиялық күнтізбеге сәйкес құрады және оны ЖОО басшысы мемлекеттік емтиханның басталуына дейін екі аптадан кешіктірмей бекітеді.

       47. МЕК отырысының ұзақтығы күніне 6 (алты) академиялық сағаттан аспайды.

       48. "Қазақстанның қазіргі заман тарихы" пәні бойынша мемлекеттік емтиханды ұйымдастыру және өткізу тәртібін, сондай-ақ МЕК отырысын ұйымдастыру рәсімін ЖОО дербес анықтайды.

      49. Мемлекеттік емтихан қорытындысы білім алушылардың білімін бағалаудың балдық-рейтингтік әріптік жүйесі бойынша бағаланады.

      Бұл ретте, қорытынды баға жіберілу рейтингісінің бағасы мен мемлекеттік емтихан бағасы ескеріле отырып қойылады. Жіберілу рейтингісінің бағасы мемлекеттік емтихан бағасы пән бойынша қорытынды бағаның кемінде 30%-ын құрайды.

      50. Білім алушы "Қазақстанның қазіргі заман тарихы" пәні бойынша мемлекеттік емтиханнан "қанағаттанарлықсыз" баға алған жағдайда, ол ақылы түрде келесі академиялық кезеңде немесе жазғы семестрде осы пәнге қайта жазылып оның барлық оқу сабақтарына қайта қатысып, ағымдық бақылау талаптарын орындап, мемлекеттік емтиханға жолдама алады және оны тапсырады.

       51. "Қазақстанның қазіргі заман тарихы" пәні бойынша мемлекеттік емтиханнан алған оң бағаны көтеру мақсатында қайта тапсыру осы Қағидалардың 52-тармағына сәйкес ұқсас рәсім бойынша жүзеге асырылады.

      52. Білім алушы мемлекеттік емтихан қорытындысымен келіспесе, емтихан өткізілген күннен кейінгі жұмыс күнінен кешіктірмей МЕК-ке апелляция беруіне болады.

      53. Апелляция өткізу үшін ЖОО басшысының бұйрығымен аталған пән бойынша тәжірибелі оқытушылар қатарынан "Қазақстанның қазіргі заман тарихы" пәні бойынша апелляциялық комиссия құрылады.

      54. "Қазақстанның қазіргі заман тарихы" пәні бойынша мемлекеттік емтиханның қорытындысы осы емтиханды тапсыру көзделген емтихандық сессияның қорытындысын шығару барысында есепке алынады.

       55. Мемлекеттік емтихан аяқталған соң МЕК төрағасы МЕК-тың жұмысы туралы есеп жазады, ол ЖОО ғылыми кеңесінің мәжілісінде талқыланады және бекітіледі.

 3-тарау. Жоғары оқу орындарында бакалавриатта білім алушыларды қорытынды аттестаттаудан өткізудің тәртібі

      56. ЖОО-да бакалавриатта білім алушыларды қорытынды аттестаттау МЖМББС белгіленген нысандарда өткізіледі, оның ұзақтығы мен мерзімі академиялық күнтізбеде және мамандықтардың жұмыс оқу жоспарларында қарастырылған.

      57. Бакалавриатта қорытынды аттестаттау мамандық бойынша мемлекеттік емтихан тапсыру және дипломдық жұмыстарды (жобаларды) қорғау немесе мамандық бойынша және екі бейінді пән бойынша мемлекеттік емтихандарды тапсыру нысанында жүргізіледі.

       58. Дипломдық жұмысты (жобаны) қорғау дипломдық жұмысты (жобаны) жазу мен қорғау рәсімдерін қамтиды. Бұл ретте дипломдық жұмыс (жоба) бітірушінің талдау және зерттеу қабілеттерін анықтау мен бағалауға бағытталған.

      59. Дипломдық жұмыстар (жобалар) ЖОО-лар дербес ұйымдастыратын плагиаттық мәніне қатысты тексеруден өтуі тиіс.

       60. ЖОО студентердің теориялық дайындығының деңгейіне, оқу жетістігіне, талдау және зерттеу қабілеттеріне сәйкес оларды қорытынды аттестаттау нысанын дербес анықтайды.

      61. Мемлекеттік емтихан тапсырылатын бейінді пәндердің тізбесі бітіртуші кафедраның ұсынысы негізінде факультет (институт) кеңесінің шешімімен бекітіледі.

      62. Қорытынды аттестаттауға білім беру бағдарламаларының, жұмыс және жеке оқу жоспарлары мен оқу жұмыс бағдарламаларының талаптарына сәйкес оқу үдерісін толық аяқтаған студенттер ғана жіберіледі.

      63. Бітіруші курстың студенті білім беру бағдарламаларының, жұмыс және жеке оқу жоспарлары мен оқу жұмыс бағдарламаларының талаптарын орындамаса жазғы семестрден өткізілместен оқу курсына қайта оқуға қалдырылады.

      64. ЖОО басшысы білім беру саласындағы уәкілетті органға мемлекеттік үлгідегі білім туралы құжаттарға (диплом және қосымша) ағымдағы оқу жылының 10-қазанына дейін күтілетін бітірушілер саны бойынша өтінім ұсынады.

       65. Білім алушыларды қорытынды аттестаттау үшін жоғары білім мамандықтары немесе мамандықтар тобы бойынша мемлекеттік аттестаттау комиссиясы (бұдан әрі – МАК) құрылады. Оқытудың барлық нысандары үшін бірыңғай МАК қалыптастыруға рұқсат етіледі.

       66. МАК-тың құзырына төмендегілер кіреді:

      1) білім беру бағдарламалары белгілеген талаптарға сай бітіруші мамандардың теориялық және практикалық даярлығы сәйкестігінің деңгейін тексеру;

      2) бітірушіге тиісті мамандық бойынша "бакалавр" дәрежесін тағайындау;

       3) бітірушіге мамандығы бойынша тиісті біліктілік беру;

      4) бакалавр, маман, дипломын беру туралы шешім қабылдау;

      5) мамандар даярлау сапасын одан әрі жақсартуға бағытталған ұсыныстар әзірлеу.

      67. МАК төрағасы мен құрамы ЖОО ғылыми кеңесінің шешімі негізінде ағымдағы жылдың 10 қаңтарынан кешіктірілмей ЖОО басшысының бұйрығымен бекітіледі және ол бір күнтізбелік жыл бойы қолданыста болады.

      68. МАК құрамы бітіруші мамандардың тиісті бейініне сәйкес келетін профессорлардан, доценттерден, жоғары білікті мамандардан құрылады.

      МАК-тың сандық құрамын ЖОО өз бетінше белгілейді.

      69. Білім алушыларды қорытынды аттестаттаудан өткізу мен ұйымдастыру тәртібін, мемлекеттік емтихан нысанын және МАК мәжілісінің рәсімдерін ЖОО академиялық саясатына сәйкес дербес айқындайды.

      70. МАК жұмысының кестесін офис регистратор құрады, жұмыс кестесін ЖОО басшысы бекітеді және МАК жұмысы басталуына дейін екі аптадан кешіктірілмей көпшіліктің назарына жеткізіледі.

      71. Студенттерді қорытынды аттестаттауға жіберу осы Қағидалардың 62-тармағы негізінде студенттердің тізімі тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), мамандығы (білім беру бағдарламасының) көрсетіле отырып, қорытынды аттестаттауға дейін екі аптадан кешіктірілмей ЖОО-ның тиісті құрылымдық бөлімше басшысының өкімімен ресімделеді.

       72. Қорытынды аттестаттау басталуына дейін үш жұмыс күнінен кешіктірілмей МАК-қа ұсынылады:

      1) студенттерді қорытынды аттестаттауға жіберу туралы өкім;

       2) оқытудың барлық кезеңіндегі студенттер үлгерімінің орта салмақ баға өлшемдері GPA есептелген транскрипт;

      73. Дипломдық жұмыстың (жобаның) қорғалуына дейін бес жұмыс күнінен кешіктірілмей МАК-қа ұсынылады:

       1) дипломдық жұмыс (жобаның) ғылыми жетекшісінің "қорғауға жіберіледі" немесе "қорғауға жіберілмейді" деген дәлелді қорытындысы берілген пікірі;

       2) қорғауға ұсынылған дипломдық жұмыстың (жобаның) жан-жақты мінездемесі және білімді бағалаудың балдық-рейтингтік әріптік жүйесі бойынша бағасы көрсетілген дәлелді қорытындысы және тиісті мамандығы бойынша "бакалавр" дәрежесін немесе біліктілігін беру мүмкіндігі туралы рецензия;

      3) бітіріп шығарушы кафедраның қорғауға ұсынымдамалары туралы шешімі (кафедра отырысы хаттамасының көшірмесі);

       4) дипломдық жұмысты (жобаны) плагиаттық мәніне қатысты тексеруден өткізу туралы анықтама.

      74. МАК-қа, қажет болған жағдайда орындалған дипломдық жұмыстың (жобаның) ғылыми және практикалық құндылықтарын сипаттайтын басқа да материалдар, ресми емес пікірлер, диплом жұмысының (жобаның) бейіні бойынша практикалық қызметті жүзеге асыратын ұйымның жазбаша қорытындысы, ғылыми-зерттеу нәтижелерін енгізу анықтамалары немесе актілері, макеттер, ауылшаруашылық өнімдері материалдарының, бұйымдарының үлгісі, минералдар коллекциясы, гербарийлер ұсынылады.

      75. МАК отырыстарының ұзақтығы күніне 6 (алты) академиялық сағаттан аспайды.

       76. Мамандық бойынша мемлекеттік емтихан ЖОО пәндердің оқу бағдарламалары негізінде әзірлеген бағдарлама бойынша жүргізіледі.

      Мамандық бойынша мемлекеттік емтихан бағдарламасы ЖОО-ның ғылыми кеңесінің шешімімен бекітіледі.

      77. Ғылыми жетекшісінің оң пікірі және қорғауға ұсынылатын жұмыс бейініне сай келетін маман тарапынан бір рецензиясы болғанда білім алушы диплом жұмысын (жобасын) қорғауға шыға алады.

      Егер ғылыми жетекші "қорғауға жіберілмейді" деген жағымсыз қорытынды берген жағдайда, білім алушы дипломдық жұмысты (жобаны) қорғауға жіберілмейді.

      Білім алушы рецензенттің оң қорытындысы сияқты, жағымсыз қорытындысы болған жағдайда да дипломдық жұмысты (жобаны) қорғауға жіберіледі.

      78. Дипломдық жұмыстың (жобаның) ғылыми жетекшісі ЖОО-ның ғылыми кеңесінің шешімі негізінде ЖОО басшысының бұйрығымен тақырыптың атауы көрсетіле отырып, әр білім алушыға дербес бекітіледі.

      Дипломдық жұмыстардың (жобалардың) рецензенттері ЖОО басшысының бұйрығымен жұмыс орны, лауазымы және білімі (мамандығы бойынша ғылыми немесе академиялық дәрежесі, жоғары білім туралы дипломы бойынша базалық білімі) көрсетіліп тиісті құрылымдық бөлімше басшысының ұсынысы бойынша жалпы тізіммен бекітіледі.

      79. Дипломдық жұмысты (жобаны) рецензиялау біліктілігі қорғалатын жұмыс бейініне сәйкес келетін ұйымдардың мамандары тарапынан жүзеге асырылады.

      80. Мемлекеттік емтихан мен диплом жұмысын (жобасын) қорғаудың нәтижелері бойынша білім алушының теориялық, ғылыми және практикалық дайындықтарын, сондай-ақ ғылыми жетекшісі мен рецензенттің пікірлерін назарға ала отырып, білім алушылардың білімін бағалаудың балдық-рейтингтік жүйесі бойынша баға қойылады.

      81. Мемлекеттік емтихан тапсыру және диплом жұмысын (жобасын) қорғаудың нәтижелері олар өткізілген күні МАК отырысының хаттамасына қол қойылған соң жарияланады.

      82. МАК-тың барлық отырыстары хаттамамен ресімделеді.

      83. МАК отырысының хаттамалары әр бітірушіге жеке толтырылады. Мемлекеттік емтихан тест түрінде өткізілген жағдайда хаттама толтыруға емтихан ведомосы негіз болады.

       84. Хаттаманы комиссия құрамына бекітілген және дауыс беру құқығы жоқ МАК хатшысы толтырады.

      85. Мемлекеттік емтихан, диплом жұмысын (жобасын) қорғау бағалары туралы сондай-ақ, академиялық дәреже тағайындау және біліктілік беру және мемлекеттік үлгідегі (үздік емес, үздік) диплом беру туралы шешім МАК отырысына қатысушы мүшелерінің көпшілік дауысымен жабық отырыста ашық дауыс беру арқылы қабылданады. Дауыстар саны тең болған жағдайда МАК төрағасының дауысы шешуші болып табылады.

      86. Қазақстан Республикасының "Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы" заңына сәйкес МАК-тың хаттамалары ЖОО-ның мұрағатында сақталады.

      87. Қорытынды аттестаттауға дәлелді себеппен келмеген білім алушы МАК төрағасының атына еркін нысанда өтініш жазады, дәлелді себепті растайтын құжатты ұсынады және оның рұқсатымен МАК-тың басқа отырысы болған күні емтихан тапсырады немесе дипломдық жұмысты (жобаны) қорғайды.

      88. Білім алушы қорытынды аттестаттаудың нәтижелерімен келіспесе, аттестаттау өткізілгеннен кейінгі жұмыс күнінен кешіктірмей апелляция беруіне болады.

      89. Апелляция өткізу үшін ЖОО басшысының бұйрығымен біліктілігі аталған мамандықтың бейініне сәйкес келетін тәжірибелі оқытушылардан апелляциялық комиссия құрылады.

       90. Қанағаттанарлықсыз баға алғаннан кейін МАК-қа ұсынылған денсаулық жағдайы туралы құжаттар қарастырылмайды.

      91. Бағаны жоғарылату мақсатында мемлекеттік емтиханды қайта тапсыруға және дипломдық жұмысты (жобаны) қайта қорғауға рұқсат берілмейді.

      92. "Қанағаттанарлықсыз" деген баға алған тұлғаларға мемлекеттік емтихандарды қайта тапсыруға, сондай-ақ диплом жұмысын (жобасын) қайта қорғауға, қорытынды аттестаттаудың осы кезеңінде рұқсат берілмейді.

      93. Диплом жұмысын (жобасын) қорғау барысында диплом жұмысы "қанағаттанарлықсыз" деп есептелгенде, МАК сол жұмысты пысықтап қайтадан қорғауға ұсынуға немесе жұмысты (жобаны) жаңа тақырыппен әзірлеуге мүмкіндік береді. МАК-тың бұл шешімі мәжіліс хаттамасына жазылады.

      94. Қорытынды аттестаттаудан өтпеген тұлғалар келесі оқу жылында, қорытынды аттестаттау басталғанға дейін бір айдан кешікпей, ЖОО басшысының атына қайта қорытынды аттестаттауға жіберуге рұқсат беру туралы өтініш жазады.

      95. Қорытынды аттестаттауға қайта жіберу ЖОО басшысының бұйрығымен ресімделеді.

      96. Білім алушыны қайта қорытынды аттестаттау алдыңғы қорытынды аттестаттаудан қанағаттанарлықсыз баға алған нысандар бойынша ғана өткізіледі.

      97. Осы емтихандарды тапсырмаған тұлғалар үшін мемлекеттік емтихандар қатарына енетін пәндер тізбесі білім алушы теориялық курсты аяқтаған жылы қолданыста болған оқу жоспарымен белгіленеді.

      98. Қорытынды аттестаттаудан өткен және жоғары білімнің тиісті білім беру бағдарламасын меңгергендігін дәлелдеген білім алушыға МАК шешімімен "бакалавр" дәрежесі немесе сәйкес келетін мамандығы бойынша біліктілік тағайындалып, мемлекеттік үлгідегі диплом (дипломға қосымшасымен) академиялық күнтізбеге сәйкес қорытынды аттестаттау өткеннен кейін бес жұмыс күні ішінде ақысыз беріледі.

      99. Транскрипте барлық оқу пәні, тапсырылған курстық жұмыстар (жобалар), кәсіптік тәжірибе түрлері, қорытынды аттестаттау нәтижелері бойынша көлемі кредит және академиялық сағат түрінде көрсетілген балдық-рейтингтік әріптік білім бағалау жүйесі бойынша соңғы бағалар жазылады.

      100. Емтихандарды А, А - "өте жақсы", В-, В, В+ - "жақсы" деген бағаға тапсырған және оқытудың барлық кезеңіндегі үлгерімінің орта балы 3,5-тен төмен емес, сондай-ақ барлық мемлекеттік емтихан мен диплом жұмысын (жобасын) А, А - "өте жақсы" деген бағаға тапсырған білім алушыға үздік диплом (әскери даярлығы бойынша бағасын ескермегенде) беріледі.

      101. Оқу кезеңінде емтихандарды қайта немесе қайталап тапсыру жағдайы болған білім алушы осы Қағидалардың 102-тармағында көрсетілген талаптарға қарамастан үздік диплом алу құқығынан айырылады.

      102. МАК-тың жұмысы аяқталғаннан кейін оның төрағасы бакалавриат студенттерін қорытынды аттестаттау жөнінде есеп жазады және бір ай мерзім ішінде ЖОО-ның ғылыми кеңесінің отырысында талқыланады және бекітіледі.

      103. Жоғары білім берудің тиісті білім беру бағдарламасы бойынша оқуды аяқтаған және қорытынды аттестаттаудан сәтті өткен білім алушыға қорытынды аттестаттау нәтижесі негізінде ЖОО басшысының білім алушыларды шығару туралы бұйрығымен "бакалавр" академиялық дәрежесі тағайындалады немесе сәйкес келетін мамандығы бойынша біліктілік беріледі.

      104. Білім беру бағдарламаларының талаптарын орындамаған білім алушыға № 289 бұйрықпен бекітілген нысан бойынша білімі аяқталмаған азаматтарға берілетін анықтама беріле отырып, ЖОО басшысының бұйрығымен ЖОО-дан шығарылады.

      105. Жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын оқып бітірген ЖОО-ны бітірушілердің тізімі олардың тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), мамандығы және білім беру ұйымының басшысы қол қойып, берілген дипломның нөмірі көрсетіле отырып, бітіру туралы бұйрық шыққаннан кейін бір ай мерзім ішінде білім беру саласындағы уәкілетті органға ұсынылады.

 4. ЖОО-да магистратура және докторантурада білім алушыларды қорытынды аттестаттаудан өткізудің тәртібі

      106. Магистратура және докторантурада білім алушыларды қорытынды аттестаттау МЖМББС сәйкес кешенді емтихан тапсыру және магистрлік диссертация (жоба) немесе докторлық диссертация қорғау түрінде өткізіледі.

      107. Білім алушыларды қорытынды аттестаттаудың ұзақтығы мен мерзімі академиялық күнтізбеге және мамандықтардың жұмыс оқу жоспарларына сәйкес белгіленеді.

      108. Қорытынды аттестаттауға білім беру бағдарламаларының, жұмыс және жеке оқу жоспарлары мен оқу жұмыс бағдарламаларының талаптарына сәйкес оқу үдерісін толық аяқтаған білім алушылар ғана жіберіледі.

      109. Бітіруші курстың білім алушылары жұмыс және жеке оқу жоспарлары мен оқу жұмыс бағдарламаларының талаптарын орындамаса жазғы семестрден өткізілместен оқу курсын қайта оқуға қалдырылады.

      110. Магистратура мен докторантурада білім алушылардан кешенді емтихан алу үшін ЖОО жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мамандықтары мен мамандықтар тобы бойынша МАК құрады.

      111. МАК төрағасы мен құрамы ЖОО ғылыми кеңесінің шешімі негізінде ағымдағы оқу жылының 10 қаңтарынан кешіктірілмей ЖОО басшысының бұйрығымен бекітіледі және ағымдағы күнтізбелік жыл бойы қолданыста болады.

      112. Магистратура мен докторантура мамандықтары бойынша МАК төрағалығына ғылыми дәрежесі немесе ғылыми атағы бар, немесе философия (PhD) докторы немесе бейіні бойынша доктор бітіруші мамандардың тиісті бейініне сәйкес келетін және осы ұйымда жұмыс жасамайтын тұлға тағайындалады. профессорлардан, доценттерден, жоғары білікті мамандардан құрылады.

      113. МАК мүшелері құрамына мыналар кіреді:

      магистратура мамандықтары бойынша - шығаратын мамандарының бейініне сәйкес келетін ғылыми дәрежесі немесе ғылыми атағы немесе академиялық дәрежесі бар тұлғалар; бейіндік магистратура үшін шығаратын мамандарының бейініне сәйкес келетін білікті мамандар-тәжірибелік қызметкерлер);

      докторантура мамандықтары бойынша - шығаратын мамандарының бейініне сәйкес келетін ғылыми дәрежесі немесе ғылыми атағы немесе философия (PhD) докторы дәрежесі бар тұлғалар.

      114. МАК-тың сандық құрамын ЖОО өз бетінше белгілейді.

      115. Магистратурада және докторантурада білім алушыларды қорытынды аттестаттаудан өткізу мен ұйымдастыру тәртібін, мемлекеттік емтихан нысанын және МАК мәжілісінің рәсімдерін ЖОО академиялық саясатына сәйкес дербес айқындайды.

      116. МАК жұмысының кестесін офис регистратор құрады, жұмыс кестесін ЖОО басшысы бекітеді және МАК жұмысы басталуына дейін екі аптадан кешіктірілмей көпшіліктің назарына жеткізіледі.

      117. Магистранттар мен докторанттарды қорытынды аттестаттауға жіберу ЖОО бұйрығымен тізім бойынша бекітіліп, қорытынды аттестаттау басталуынан екі апта бұрын МАК-қа тапсырылады.

      118. Мамандық бойынша кешенді емтиханға магистратура мен докторантураның кәсіптік оқу бағдарламасының міндетті базалық және бейіндік компоненттерінің пәндері кіреді.

      119. Кешенді емтиханның бағдарламасын, өткізілу нысанын және тапсырмалар мазмұнын ЖОО осы кешенді емтиханға енген пәннің оқу бағдарламасы негізінде өздері әзірлейді.

      120. Кешенді емтихан:

      магистрлік диссертацияны (жобаны) қорғауға дейін 1 ай бұрын;

      докторлық диссертацияны қорғауға дейін 3 ай бұрын қабылданады.

      121. Кешенді емтихан нәтижелері магистратура мен докторантурада әрбір білім алушыға жеке толтырылатын хаттамамен ресімделеді.

      122. Кешенді емтихан тест түрінде өткен жағдайда жеке хаттама ресімдеуге емтихан ведомосы негіз болады.

      123. Алынған оңды бағаны жоғарылату мақсатында кешенді емтиханды қайта тапсыруға рұқсат етілмейді.

      124. Кешенді емтиханның нәтижесімен келіспеген білім алушы емтихан өткізілгеннен кейінгі жұмыс күнінен кешіктірмей апелляция береді.

       125. Апелляция өткізу үшін білім беру ұйымы басшысының бұйрығымен біліктілігі аталған мамандықтың бейініне сәйкес келетін тәжірибелі оқытушылардан апелляциялық комиссия құрылады.

       126. Кешенді емтиханнан қанағаттанарлықсыз баға алған білім алушы № 289 бұйрығымен бекітілген білімі аяқталмаған тұлғаларға берілетін анықтама беріле отырып ЖОО басшысының бұйрығымен ЖОО-дан оқудан шығарылады.

       127. Кешенді емтиханнан "қанағаттанарлықсыз" баға алған магистратура мен докторантурада оқитын тұлғаларға қорытынды аттестаттаудың осы кезеңінде кешенді емтиханды қайта тапсыруға рұқсат етілмейді.

       128. Кешенді емтихан тапсырған магистрант немесе докторант магистрлік диссертацияны (жобаны) немесе докторлық диссертацияны қорғауға жіберіледі.

      129. магистрлік диссертацияны (жобаны) немесе докторлық диссертацияны қорғауға жіберу кешенді емтиханды тапсыру туралы МАК төрағасының ұсынуы және бітіруші кафедра меңгерушісінің қолы қойылған докторлық диссертацияны қорғау туралы кафедра отырысы шешімінен үзінді негізінде ЖОО басшысының бұйрығымен ресімделеді.

       130. Магистрант диссертация (жоба) тақырыбы бойынша ғылыми басылымдарда, журналдарда, немесе халықаралық немесе республикалық ғылыми конференцияларда жарияланған кемінде бір мақаласы бар болған жағдайда қорғауға жіберіледі.

      131. Магистрлік диссертацияларды (жобаларды) ЖОО өз бетінше плагиат мәніне қатысты тексеруден өткізеді.

      132. Магистрлік диссертацияның (жобаның) ғылыми жетекшісі ЖОО-ның ғылыми кеңесінің шешімі негізінде ЖОО басшысының бұйрығымен тақырыптың атауы көрсетіле отырып, әр магистрантқа дербес бекітіледі.

      Магистрлік диссертациялардың (жобалардың) рецензенттері ЖОО басшысының бұйрығымен жұмыс орны, лауазымы және білімі (мамандығы бойынша ғылыми немесе академиялық дәрежесі, жоғары білім туралы дипломы бойынша базалық білімі) көрсетіліп тиісті бітіруші кафедра меңгерушісінің ұсынысы бойынша жалпы тізіммен бекітіледі.

      133. Магистрлік диссертацияларды (жобаларды) рецензиялау ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы, философия (PhD) докторы, бейіні бойынша доктор немесе магистр академиялық дәрежесі бар, біліктілігі қорғалатын диссертация (жоба) бейініне сәйкес келетін, басқа ұйымдардың мамандары тарапынан ғана жүзеге асырылады.

      134. Ғылыми жетекшісінің оң пікірі және қорғауға ұсынылатын диссертация (жоба) бейініне сай келетін маман тарапынан бір рецензиясы болғанда магистрант магистрлік диссертацияны (жобаны) қорғауға шыға алады.

      Егер ғылыми жетекші "қорғауға жіберілмейді" деген жағымсыз қорытынды берген жағдайда, магистрант магистрлік диссертацияны (жобаны) қорғауға жіберілмейді.

      Магистрант рецензенттің оң қорытындысы сияқты, жағымсыз қорытындысы болған жағдайда да магистрлік диссертацияны (жобаны) қорғауға жіберіледі.

       135. Кешенді емтихан мен магистрлік диссертацияны (жобаны) қорғаудың нәтижелері бойынша білім алушының теориялық, ғылыми және практикалық дайындықтарын, сондай-ақ ғылыми жетекшісі мен рецензенттің пікірлерін назарға ала отырып, білім алушылардың білімін бағалаудың балдық-рейтингтік жүйесі бойынша баға қойылады.

       136. Қорытынды аттестаттаудан өткен, магистратураның тиісті білім беру бағдарламасын меңгергендігін растаған магистранқа МАК-тың шешімімен тиісті мамандық бойынша "магистр" академиялық дәрежесі тағайындалады және академиялық күнтізбеге сәйкес қорытынды аттестаттау өткен күннен кейін бес күн ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 28 қаңтардағы № 39 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10348 тіркелген) мемлекеттік үлгідегі диплом қосымшасымен тегін беріледі.

      137. Транскрипте барлық оқу пәні, тапсырылған курстық жұмыстар (жобалар), ғылыми-зерттеу немесе эксперименталды-зерттеу жұмыстары, кәсіптік тәжірибе түрлері, қорытынды аттестаттау нәтижелері бойынша көлемі кредит және академиялық сағат түрінде көрсетілген балдық-рейтингтік әріптік білім бағалау жүйесі бойынша соңғы бағалар жазылады.

      138. МАК-тың жұмысы аяқталған күннен кейін оның төрағасы магистранттарды қорытынды аттестаттау жөнінде есеп жазады және бір ай мерзім ішінде ЖОО-ның ғылыми кеңесінің отырысында талқыланады және бекітіледі.

       139. МАК төрағасының магистранттарды қорытынды аттестаттау жөніндегі есебіне осы Қағидалардың 4-қосымшасында келтірілген кестелер мен түсіндірме жазба енеді.

       Түсіндірме жазбада мыналар көрініс табады:

      1) аталған мамандық бойынша магистрлардың дайындық деңгейлері;

      2) кешенді емтиханда анықталған магистранттардың біліміне мінездеме;

      3) магистрлік диссертацияларды (жобаларды) орындаудың сапасы;

       4) магистрлік диссертация (жоба) тақырыбының ғылымның, техниканың, мәдениеттің қазіргі жай-күйіне және өндірістің сұранысына сәйкестігі;

      5) аталған мамандық бойынша магистрларды даярлау сапасына талдау;

      6) магистрларды даярлаудағы кемшіліктер;

       7) магистрлік диссертацияларды (жобаларды) қорғау деңгейінің кафедра шешіміне, ғылыми жетекшісінің пікіріне, рецензиясына сәйкестігі;

      8) магистрларды даярлауды одан әрі жетілдіру бойынша нақты ұсынымдамалар.

      140. Қорытынды аттестаттаудың нәтижесі негізінде ЖОО басшысының бітіру туралы бұйрығы шығарылады, магистратураның тиісті білім беру бағдарламасы бойынша оқуды аяқтаған және қорытынды аттестаттаудан сәтті өткен магистрантқа тиісті мамандық бойынша "магистр" дәрежесі тағайындалады.

       141. Білім беру бағдарламасының талаптарын орындамаған магистрант ЖОО басшысының бұйрығымен ЖОО-дан оқудан шығарылып № 289 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша білімі аяқталмаған азаматтарға берілетін анықтама беріледі.

      142. Тиісті білім беру бағдарламаларын оқып бітірген магистратура бітірушілерінің тізімі олардың тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), мамандығы және білім беру ұйымының басшысы қол қойып, берілген дипломның нөмірі көрсетіле отырып, бітіру туралы бұйрық шыққан күннен кейін бір ай мерзім ішінде білім беру саласындағы уәкілетті органға ұсынылады.

       143. Докторлық диссертацияларды қорғауды ұйымдастыру мен өткізу Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 127 бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6951 тіркелген) Ғылыми дәрежелерді беру қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.

 

Жоғары оқу орындарында
Білім алушылардың үлгерімін
ағымдық бақылау, аралық және
қорытынды мемлекеттік
аттестаттау жүргізудің үлгілік
қағидаларына
1-қосымша

 Білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың дәстүрлі бағалар шкаласына аударылған балдық-рейтингтік әріптік жүйесі

Әріптік жүйе бойынша бағалар

Балдардың сандық эквиваленті

%-тік құрамы

Дәстүрлі жүйе бойынша бағалар

 

А

4,0

95-100

Өте жақсы

 

А-

3,67

90-94

 

В+

3,33

85-89

Жақсы

 

В

3,0

80-84

 

В-

2,67

75-79

 

С+

2,33

70-74

Қанағаттанарлық

 

С

2,0

65-69

 

С-

1,67

60-64

 

D+

1,33

55-59

 

D-

1,0

50-54

 

F

0

0-49

Қанағаттанарлықсыз

 

 

Жоғары оқу орындарында
Білім алушылардың үлгерімін
ағымдық бақылау, аралық және
қорытынды мемлекеттік
аттестаттау жүргізудің үлгілік
қағидаларына
2-қосымша

           

 Балдық-рейтингтік әріптік жүйе бағаларының ECTS (European Credit Transfer and Accumulation System) бойынша бағаларға ауысу кестесі

ОЕК бойынша тілді меңгеру деңгейі мен сипаттамасы

Әріптік жүйе бойынша бағалар

ECTS бойынша бағалар

Балдардың сандық эквиваленті

%-дық құрамы

Дәстүрлі жүйе бойынша бағалар

А1

А

А

4,0

95-100

Өте жақсы

А-

3,67

90-94

В+

В

3,33

85-89

Жақсы

В

С

3,0

80-84

Жақсы

В-

2,67

75-79

С+

2,33

70-74

Қанағаттанарлық

С

D

2,0

65-69

Қанағаттанарлық

С-

1,67

60-64

D+

1,33

55-59

D

E

1,0

50-54

Қанағаттанарлық

F

FX, F

0

0-49

Қанағаттанарлықсыз


 

ОЕК бойынша тілді меңгеру деңгейі мен сипаттамасы

Әріптік жүйе бойынша бағалар

ECTS бойынша бағалар

Балдардың сандық эквиваленті

%-дық құрамы

Дәстүрлі жүйе бойынша бағалар

А2

А

А

4,0

95-100

Өте жақсы

А-

3,67

90-94

В+

В

3,33

85-89

Жақсы

В

С

3,0

80-84

Жақсы

В-

2,67

75-79

С+

2,33

70-74

Қанағаттанарлық

С

D

2,0

65-69

Қанағаттанарлық

С-

1,67

60-64

D+

1,33

55-59

D

E

1,0

50-54

Қанағаттанарлық

F

FX, F

0

0-49

Қанағаттанарлықсыз


 

ОЕК бойынша тілді меңгеру деңгейі мен сипаттамасы

Әріптік жүйе бойынша бағалар

ECTS бойынша бағалар

Балдардың сандық эквиваленті

%-дық құрамы

Дәстүрлі жүйе бойынша бағалар

В1

А

А

4,0

95-100

Өте жақсы

А-

3,67

90-94

В+

В

3,33

85-89

Жақсы

В

С

3,0

80-84

Жақсы

В-

2,67

75-79

С+

2,33

70-74

Қанағаттанарлық

С

D

2,0

65-69

Қанағаттанарлық

С-

1,67

60-64

D+

1,33

55-59

D

E

1,0

50-54

Қанағаттанарлық

F

FX, F

0

0-49

Қанағаттанарлықсыз


 

ОЕК бойынша тілді меңгеру деңгейі мен сипаттамасы

Әріптік жүйе бойынша бағалар

ECTS бойынша бағалар

Балдардың сандық эквиваленті

%-дық құрамы

Дәстүрлі жүйе бойынша бағалар

В2

А

А

4,0

95-100

Өте жақсы

А-

3,67

90-94

В+

В

3,33

85-89

Жақсы

В

С

3,0

80-84

Жақсы

В-

2,67

75-79

С+

2,33

70-74

Қанағаттанарлық

С

D

2,0

65-69

Қанағаттанарлық

С-

1,67

60-64

D+

1,33

55-59

D

E

1,0

50-54

Қанағаттанарлық

F

FX, F

0

0-49

Қанағаттанарлықсыз


 

ОЕК бойынша тілді меңгеру деңгейі мен сипаттамасы

Әріптік жүйе бойынша бағалар

ECTS бойынша бағалар

Балдардың сандық эквиваленті

%-дық құрамы

Дәстүрлі жүйе бойынша бағалар

С1

А

А

4,0

95-100

Өте жақсы

А-

3,67

90-94

В+

В

3,33

85-89

Жақсы

В

С

3,0

80-84

Жақсы

В-

2,67

75-79

С+

2,33

70-74

Қанағаттанарлық

С

D

2,0

65-69

Қанағаттанарлық

С-

1,67

60-64

D+

1,33

55-59

D

E

1,0

50-54

Қанағаттанарлық

F

FX, F

0

0-49

Қанағаттанарлықсыз


 

ОЕК бойынша тілді меңгеру деңгейі мен сипаттамасы

Әріптік жүйе бойынша бағалар

ECTS бойынша бағалар

Балдардың сандық эквиваленті

%-дық құрамы

Дәстүрлі жүйе бойынша бағалар

 

С2

А

А

4,0

95-100

Өте жақсы

 

А-

3,67

90-94

 

В+

В

3,33

85-89

Жақсы

 

В

С

3,0

80-84

Жақсы

 

В-

2,67

75-79

 

С+

2,33

70-74

Қанағаттанарлық

 

С

D

2,0

65-69

Қанағаттанарлық

 

С-

1,67

60-64

 

D+

1,33

55-59

 

D

E

1,0

50-54

Қанағаттанарлық

 

F

FX, F

0

0-49

Қанағаттанарлықсыз

 

 

Жоғары оқу орындарында
Білім алушылардың үлгерімін
ағымдық бақылау, аралық және
қорытынды мемлекеттік
аттестаттау жүргізудің үлгілік
қағидаларына
3-қосымша

 

нысаны

               

 20__ 20__ оқу жылының ______________ емтихандық сессия қорытындысы (қысқы,көктемгі, жазғы)

      ____________________________________________________________________

      (ЖОО атауы)

      Оқытудың күндізгі (немесе сырттай) нысаны 1

Шифр

Мамандықтар тобы және мамандықтар

Курс

Бөлімі (қаз., орыс., шетел.)

Оқу негізі: грант/ақылы

Сессия басындағы студенттер

Соның ішінде академиялық демалыста

Емтихан тапсыруға міндетті

Жалпы емтиханға жіберілгендер

1

2

3

4

5

6

7

8

9

1. Білім


 


 

1


 

барлығы


 


 


 


 

соның ішінде грант


 

соның ішінде


 


 

ақылы


 


 


 


 

2


 

барлығы


 


 


 


 

соның ішінде грант


 


 


 


 

ақылы


 


 


 


 

3


 

барлығы


 


 


 


 

соның ішінде грант


 


 


 


 

ақылы


 


 


 


 

4


 

барлығы


 


 


 


 

соның ішінде грант


 


 


 


 

ақылы


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 

2. Гуманитарлық ғылымдар


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 

      Кестенің жалғасы

Келген жоқ

Тапсырғандар

Дәлелді себеппен

Дәлелсіз себеппен

Оқу жоспарының барлық пәндері бойынша

Соның ішінде

Тек қана A, A-

Тек қана A, A-, B+, B, B-

A, A-, B+, B, B-, C+, C, C-, D+, D

Тек қана C+, C, C-, D+, D

10

11

12

13

14

15

16

1. Білім


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 

2. Гуманитарлық ғылымдар


 


 


 


 


 


 


 

      кестенің жалғасы

F алғандар

Абсолюттік үлгерім

Келесі оқу курсына көшірілгендер

Қайта оқу жылына қалдырылды

Оқудан шығарылғандар

 

Барлығы

соның ішінде

 

біреу

екі және одан жоғары

 

17

18

19

20

21

22

23

 

1. Білім

 


 


 


 


 


 


 


 

 


 


 


 


 


 


 


 

 


 


 


 


 


 


 


 

 


 


 


 


 


 


 


 

 


 


 


 


 


 


 


 

 


 


 


 


 


 


 


 

 


 


 


 


 


 


 


 

 


 


 


 


 


 


 


 

 


 


 


 


 


 


 


 

 


 


 


 


 


 


 


 

 


 


 


 


 


 


 


 

 


 


 


 


 


 


 


 

 


 


 


 


 


 


 


 

 


 


 


 


 


 


 


 

 

2. Гуманитарлық ғылымдар

 


 


 


 


 


 


 


 

 

 

Жоғары оқу орындарында
Білім алушылардың үлгерімін
ағымдық бақылау, аралық және
қорытынды мемлекеттік
аттестаттау жүргізудің үлгілік
қағидаларына
4-қосымша

 

1-кесте

                 

 Кешенді емтихан және магистрлік диссертацияны (жоба) қорғау нәтижелері  ____________________ жылға

      мамандық _________________________________________

      ЖОО атауы _________________________________________

қорытынды аттестаттау нысаны

Қорытынды аттестаттауға жіберілгендер саны

Тапсырғандар саны

Соның ішінде тапсырғандар


 


 


 

Үздік

Жақсы

Қанағаттанарлық

Қанағаттанарлықсыз

Орташа балл

келмегендер

Сапасы %

Тапсырғандар үлгерімі %

Кешенді емтихан


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 

Магистрлік диссертацияны (жобаны) қорғау


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 

Барлығы


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 

                       

      2-кесте

 Магистратура бітірушілерін қорытынды аттестаттаудың жалпы нәтижелері _______ жылға

      мамандық_______________________________________

      ЖОО атауы ________________________________________

ҚА жіберілгендер саны

ҚА келмегендер саны

ҚА тапсырғандар саны

Соның ішінде тапсырғандар

Қанағаттанарлықсыз баға алғандар

Орташа балл

Тек үздік

Тек үздік және жақсы

Аралас бағалар

Тек қанағаттанарлық


 


 


 


 


 


 


 


 


 

      3-кесте

 Шығарылымның салыстырмалы талдауы

Көрсеткіштер

Алдыңғы кезең

Есеп беру кезеңі

Сапасы %


 


 

Үлгерімінің %


 


 

Орташа балл


 


 


 

 



 

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" ШЖҚ РМК

Жаңартылған күні: 08.02.2019 16:34
Құрылған күні: 08.02.2019 16:34

Текст