Текст
Красный ауылының №3 көпсалалы мектеп-гимназиясынында қазақтың аса көрнекті жазушысы Оралхан Бөкейдің «Өз отыңды өшірме» шығармасына арналған конференция болды.Әр мектептен келген мұғалімдер жазушының шеберлігі туралы сұхбаттасты. «Өз отыңды өшірме» шығарманың басты ерекшелігі – ұлттық бояуға қанық болып қазақтың танымы мен түсінігін, болмысы пен бітімін, ойлау жүйесі мен дүниеге деген көзқарасын танытуы. Автордың «Өз отыңды өшірме» шығармасының негізгі тақырыбы – Түркісібтің салынуы, ондағы жұмысшылардың тағдыры болғанымен, негізгі идеясы – жеке кейіпкерлердің бейнесі арқылы қазаққа тән қасиеттер мен тектілікті, жалпы адамзатқа ортақ құндылықтардың мән мағынасын түсіндіру болса керек.