Алиев Шияп Шарапович, 1982-1987 жылдары Красный Яр 1 орта мектебінің директоры болған ұлағатты ұстаз,туған мектебінің кітапханасының қорына өлкеміз туралы бірнеше кітапты сыйға тартты.Бұл басылымдардан балалар өз өлкесінің даңқын асқақтатқан тұлғалар туралы мәлімет алады.Осындай игі іс ұрпағымызды саналы болып өсуге бағыттайды.