Текст
17.03.2022 жылы келіп түсетін тамақ өнімдерінің сапасына, тағамдарды дайындау технологиясына, тоңазытқыш-технологиялық жабдықтың жарамдылығына, өнімдер мен дайын тағамдарды сақтау мерзімдері мен шарттарының сақталуына мониторинг жүзеге асырылды. Мектептің асханасында тамақтандыруды ұйымдастыруды санитариялық-техникалық қамтамасыз етуге, мүкәммалға, ыдысқа, санитариялық жай-күйіне және күтіп-ұсталуына, ыдыс жууға қойылатын талаптар орындалады. Ас блогы мен асхана үй-жайларында тазалық сақталады. Өндірістік үй-жайларда орнатылған барлық технологиялық және тоңазытқыш жабдықтар жарамды.