«Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімінің Красный Яр ауылының №1 орта мектебі» КММ бос оқытушы-профессор лауазымына орналасуға ашық конкурс жариялайды.

Қазақстан тарихы және дүниежүзілік тарих мұғалімі

Міндеттері:

мұғалімінің негізгі функционалдық міндеттері:

- мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкес және "құндылықтарға негізделген білім беру"тұжырымдамасы негізінде оқытылатын пәннің ерекшелігін ескере отырып, білім алушыларды оқытуды және тәрбиелеуді жүзеге асырады;

- білім алушы мен тәрбиеленуші тұлғасының жалпы мәдениетін қалыптастыруға және оны әлеуметтендіруге ықпал етеді, білім алушылардың жеке қабілеттерін анықтайды және дамытуға жәрдемдеседі;

- білім алушылардың жеке қажеттіліктерін ескере отырып, оқытудың жаңа тәсілдерін, тиімді нысандарын, әдістері мен құралдарын қолданады. Қысқа мерзімді жоспарлар, бөлім бойынша жиынтық бағалау және тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларын жасайды;

- электрондық журналдарды толтырады;;

- білім алушылар мен тәрбиеленушілердің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарында көзделген деңгейден төмен емес тұлғалық, жүйелік-қызметтік, пәндік нәтижелерге қол жеткізуін қамтамасыз етеді

- оқу бағдарламаларын, оның ішінде ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар білім алушыларға арналған бағдарламаларды әзірлеуге және орындауға қатысады, оқу жоспарын және кестеге сай оқу процесінің толық көлемде жүзеге асырылуын қамтамасыз етеді;

- әдістемелік бірлестіктердің, мұғалімдер қауымдастығының, әдістемелік, педагогикалық кеңестердің, желілік қоғамдастықтардың отырыстарына қатысады;;

- білім алушылардың, тәрбиеленушілердің жеке қабілеттерін, қызығушылықтарын және бейімділіктерін зерделейді;

- ата-аналарға арналған педагогикалық консилиумдарға қатысады, ата-аналарға кеңес береді;

-кәсіби құзыреттілікті, оның ішінде ақпараттық-коммуникациялық құзыреттілікті арттырады. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау ережелерін орындайды;

- білім беру процесі кезінде білім алушылардың өмірі мен денсаулығын сақтауды қамтамасыз етеді;

- ата-аналармен немесе олардың орнындағы адамдармен ынтымақтастықты жүзеге асырады;

- жабдықты пайдалану кезінде қауіпсіздік және еңбекті қорғау талаптарын орындайды;

- білім беру процесі кезінде балалардың өмірі мен денсаулығын сақтау үшін қажетті жағдайлар жасауды қамтамасыз етеді;

- тізбесін білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен құжаттарды толтырады;

- білім беру процесінің барлық субъектілерінің, оның ішінде балалар отбасының қатысуымен ұйымда "құндылықтарға негізделген білім беру" тұжырымдамасын енгізеді;

- білім алушылар, тәрбиеленушілер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, Академиялық адалдық қағидаларын бойына сіңіреді;

  •  

 

Талаптар:

Мұғалімінің біліктілігіне қойылатын талаптар:

- тиісті бейін бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім;

- біліктіліктің жоғары және орта деңгейінің болуы (мүмкіндігінше);;

- педагогикалық жұмыс өтілінің болуы (мүмкіндгінше).

- және (немесе) "педагог-модератор", "педагог-сарапшы", "педагог-зерттеуші", "педагог-шебер"кәсіби құзыреттіліктерінің бірі болуы тиіс.

Кәсіби құзыреттілікті айқындай отырып, біліктілікке қойылатын талаптар:

1)педагог (жас мамандар үшін):

білім алушылардың психологиялық-жас ерекшеліктерін ескере отырып, оқу-тәрбие процесін жоспарлай және ұйымдастыра білуі тиіс;

білім алушының жалпы мәдениетін қалыптастыруға және оны әлеуметтендіруге ықпал ету, білім беру ұйымы деңгейіндегі іс-шараларға қатысуы;

білім алушылардың қажеттіліктерін ескере отырып, тәрбиелеу мен оқытуда жеке тәсілді жүзеге асыруы, кәсіби-педагогикалық диалог дағдыларын меңгеруі, цифрлық білім беру ресурстарын қолдануы;

2) педагог-модератор:

 "педагог" біліктілігіне қойылатын жалпы талаптарға сай болуы керек, сондай-ақ:

оқытудың инновациялық нысандарын, әдістері мен құралдарын пайдалану, білім беру ұйымы деңгейінде тәжірибені жинақтауы, білім беру ұйымы деңгейінде олимпиадаларға, конкурстарға, жарыстарға қатысушыларының болуы;

3) педагог-сарапшы:

 "педагог-модератор" біліктілігіне қойылатын жалпы талаптарға сай болуы , сондай-ақ:

ұйымдастырылған оқу қызметін талдау дағдыларын меңгеруі керек;

тәлімгерлікті жүзеге асыруы және білім беру ұйымы деңгейінде өзінің және әріптестерінің кәсіби даму басымдықтарын сындарлы айқындауы керек;

аудан/қала деңгейінде тәжірибені жинақтауы, аудан/қала деңгейінде олимпиадаларға, конкурстарға, жарыстарға қатысушылары болу керек;

4) педагог-зерттеуші:

"педагог-сарапшы" біліктілігіне қойылатын жалпы талаптарға сай болуы, сондай-ақ:

Сабақты зерттеу және бағалау құралдарын әзірлеу дағдыларын меңгеруі;

білім алушылардың зерттеушілік дағдыларын дамытуды қамтамасыз етуі;

тәлімгерлікті жүзеге асыру және аудан мен қала деңгейінде педагогикалық қоғамдастықта даму стратегиясын сындарлы айқындауы;

облыстық/республикалық маңызы бар қалалар мен астанада, республикалық деңгейде тәжірибесін жинақтауы (республикалық ведомствоға бағынышты ұйымдар үшін);

облыстық/республикалық маңызы бар қалалар мен астана, республикалық деңгейдегі олимпиадаларда, конкурстарда, жарыстарда қатысушыларының болуы (республикалық ведомстволық бағынысты ұйымдар үшін);

педагог-шебер:

"педагог-зерттеуші" біліктілігіне қойылатын жалпы талаптарға, сондай-ақ:

облыстық оқу-әдістемелік кеңесте немесе Республикалық оқу-әдістемелік кеңесте мақұлданған, басылып шығарылған оқулықтарының, оқу-әдістемелік құралдарының авторы (автормен бірлескен) болуы;

ғылыми жобалау дағдыларын дамытуды қамтамасыз етуі;

тәлімгерлікті жүзеге асыруы және облыс деңгейіндегі кәсіби қоғамдастық желілерді дамытуды жоспарлауы;

республикалық және халықаралық конкурстар мен олимпиадалардың қатысушысы болуы немесе республикалық және халықаралық конкурстар мен олимпиадалардың қатысушыларын дайындауы керек.

Ұйым туралы ақпарат
 
Ұйымның атауы : "Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі Красный Яр ауылының № 1 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Мекен-жайы : Ақмола облысы,Красный Яр ауылы,Тәуелсіздік көшесі,13
Электрондық пошта : 
Байланыс нөмірі: +7 7162403387