"Үздік дене шынықтыру мұғалімі -2019"

2019 жыл Қазақстанда Жастар жылы болып жарияланды, елімізде қазақстандық жастарды жан-жақты қолдауға бағытталған бірқатар іс-шараларды іске асыру басталды.

Осы бағдарлама аясында Көкшетау қ. ҚББ "Үздік дене шынықтыру мұғалімі -2019" байқауын өткізді, оған біздің жас маман, дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Усманов Асылжан Бақытұлы қатысып лайықты ІІ орынға ие болды.

Асылжан Бақытұлы "Үздік дене шынықтыру мұғалімі-2019"республикалық сайысында Ақмола облысының намысын қорғады, оған бүкіл республикадан облыстық кезеңнің жеңімпаздары жиналды және қатысқаны үшін сертификатпен марапатталды.