16 ақпанда орыс тілі мен әдебиеті апталығы аясында келесі іс-шаралар өткізілді: - 10Б сыныбында Александр Островскийдің туғанына 209 жыл толуына арналған ауызша журнал. Мұғалімі Бекқалиева М.М. - «Ертегі заттарының сиқырлы әлеміне саяхат» атты сыныптан тыс іс-шараны 5 «Б» сынып оқушылары дайындады. Мұғалімі Байгулин М.Н. -Драма бөлімінің меңгерушісі Елена Андронякпен кездесу. Ол театр тарихымен таныстырып, әріптестерінің театр сахнасында қалай өнер көрсететінін айтып берді. Балалар көптеген қызықты нәрселерді естіп, көрді тіпті бір оқушыға болашақта актерлік өнерде бағын сынап көруге кеңес берді, ол үшін көп оқып, әдебиетті жақсы көру керек деп айтты.