13 ақпанында «Ақмола облысы, Көкшетау қаласы білім бөлімінің Красный Яр ауылындағы №1 орта мектебі» КММ-де орыс тілі мен әдебиет апталығы басталды. Апталықты орыс тілінің королі мен әдебиет ханшайымы ашып, апта басындағы Мәртебелі жарлығын оқып, жұмыс жоспарымен таныстырып, құнды білім мен таңғажайып әлемге қызықты саяхат тіледі. 19 ғасыр шығармаларының қаһармандары іс-шараның барлық қатысушыларына жақсылық, табыс пен жемісті еңбек тілегі жазылған хаттарды табыстады.